Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1289 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат):

      "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:

      дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2007-2009 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:

      "Денсаулық сақтау ісін реформалаудың және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 126-жолда:

      4-бағандағы "2008" деген сандар "2009" деген сандармен ауыстырылсын;

      7-бағандағы "670 000" деген сандар "867 216" деген сандармен ауыстырылсын;

      8-бағандағы "382 602" деген сандар "156 939" деген сандармен ауыстырылсын;

      9-баған "28 447" деген сандармен толықтырылсын;

      реттік нөмірі 127-жолда:

      5-бағандағы "1 350 589" деген сандар "1 153 373" деген сандармен ауыстырылсын;

      7-бағандағы "448 089" деген сандар "250 873" деген сандармен ауыстырылсын.

      "Бағдарлама бойынша жиыны» деген жолда:

      8-бағандағы "27 617 748" деген сандар "27 392 085" деген сандармен ауыстырылсын;

      9-бағандағы "59 961 175" деген сандар "59 989 622" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204  қаулысында :

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:

      226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша:

      005 "Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасы бойынша:

      "Астана қаласында амбулаторлық-емханалық кешенін Оренбург көшесінде (Агроқалашық ауданында) (ауысымда 350 адам қабылдайтын ересектер емханасы, 150 адам қабылдайтын балалар емханасы) салу» деген жолдағы "670 000" деген сандар "867 216" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Астана қаласында амбулаторлық-емханалық кешен (ауысымда 350 адам қабылдайтын ересектер емханасы, 150 адам қабылдайтын балалар емханасы, Грязнов - Колхозная - Репин көшелерінің бойынан) салу" деген жолдағы "448 089" деген сандар "250 873" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі