Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қазандағы N 965 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65  Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2007 жылғы 18 қазандағы   
N 965 қаулысына     
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 397  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 218-құжат).

      2. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының 2005-2007 жылдарға арналған қызметі туралы меморандумды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N№514  қаулысы .

         3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 514 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 780  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 415-құжат).

      4. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 тамыздағы N 862  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 33, 450-құжат).