Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 850 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 957 қаулысымен

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы сатып алынуының маңызды стратегиялық мәні бар Қазақстан Республикасында "электрондық үкіметті" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының спутниктік сегментін құру бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде»"KazSat" байланыс және хабар тарату қазақстандық спутнигінде жиілік ресурсын беру жөнінде қызметтер көрсетуші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 30186000   (отыз миллион бір жүз сексен алты мың) теңге сомасында мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі