Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 750 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 682 Қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.01 № 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 121-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен бекітілген Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келісімге, cондай-ақ Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  263 264 266 269 270 273 275 290 317-баптарына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі)  278-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :";
       2) 1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына кедендік төлемдер мен салықтар салынбайтын акцизделетін тауарларды әкелу нормалары;";
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізетін тауарлардың қолданылуын айқындау өлшемдерінде:
      1) тармақшаның екінші абзацында "өткізу жиілігі жылына бір реттен аспайтын мотокөліктер мен жеңіл автомобильдерден басқа" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшада:
      бесінші абзацта "бір адамға 10 (он) килограмм" деген сөздерден кейін ", оның ішінде бекіре және албырт балықтардың уылдырығы - 250 (екі жүз елу) грамм" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртіппен әкелетін тауарларға жиынтық кедендік төлем осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалардың акциздер салынбайтын акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттауының нормалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2007 жылғы 28 тамыздағы
N 750 қаулысына  
1-қосымша     

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2005 жылғы 9 наурыздағы
N 217 қаулысымен  
бекітілген      

Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының
кеден аумағына оңайлатылған тәртіппен әкелетін
тауарларға жиынтық кедендік төлем

      Оларға қатысты жеңілдетілген тәртіп көзделмеген тауарларды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған тәртіппен өткізуі кезінде кедендік төлемдер мен салықтар кедендік құнының ЕуроАзЭҚ сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес жіктелетін 07, 08 тауарлық топтардың  тауарларын қоспағанда, 1 кг. үшін 0,6 евро мөлшерінде жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін, оларға қатысты жиынтық төлем кедендік құнның 17% құрайды.
      ЕуроАзЭҚ сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес жіктелетін 22, 24, 26-31, 36, 38, 73, 84, 86-89, 93 тауарлық топтардың тауарларын декларациялау жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 28 тамыздағы
N 750 қаулысына  
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2005 жылғы 9 наурыздағы
N 217 қаулысымен  
бекітілген     

Жеке тұлғалардан кедендік төлемдер мен салықтар салынбайтын акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу нормалары

Р/с
N
ЕурАзЭҚ СЭҚ
ТН коды
Тауардың атауы Алып өту нормасы (бір адамға)

1

2203 00

Ашытылған сыра

5 литр*

2

2204 (2204 30-
дан басқа), 2205, 2206 00,
2207, 2208-ден

Шараптар, шарап
материалдары, коньяк,
бренди, спирттің барлық
түрлері, арақ, ликер-арақ
бұйымдары

2 литр*

3

2402

Фильтрлі темекі, фильтрсіз 
темекі, папиростар
Сигаралар
Сигариллалар

1000 дана*

15 дана*
300 дана*

4

2403-ден**

Никотиннен тұратын
фармацевтік өнімді
қоспағанда, шегетін
темекі, шайнайтын темекі,
иіскейтін темекі және өзге
де тұтыну ыдысына
буып-түйілген және соңғы
тұтынуға арналған темекі

1 кг*

5

2710 11 410 0,
2710 11 450 0,
2710 11 490 0,
2710 11 510 0,
2710 11 590 0,

Бензин (авиациялықты қоспағанда)

100 литр*

6

2710 19 310 0,
2710 19 350 0,
2710 19 410 0,
2710 19 450 0,
2710 19 490 0,

Дизель отыны

150 литр*

       Ескертпе.
       *Көрсетілген норма ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметі туралы номенклатурасының кодтары бойынша бөлінбестен, импортталатын тауарлардың жалпы көлеміне белгіленеді. Импорт нормасының көлеміндегі кедендік төлемдер мен салықтар салынуға жатпайтын импортталатын тауарлардың тізбесі жеке тұлғаның таңдауы бойынша белгіленеді.
      **Тауар номенклатурасы ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодымен де, тауардың атауымен де айқындалады.