Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсанындағы N 1303 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 715 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1339 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және
демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет
дипломы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21
қазандағы N 1577  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2000 ж., N 43, 510-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени және гуманитарлық
салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан
Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға
байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережеде:
      6-тармақтағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және
ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы "бірақ жылына", ", ақпарат және спорт" деген
сөздер тиісінше "бірақ екі жылда", "және ақпарат" деген сөздермен
ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
 
         Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі