Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі істер органдары, оқу орындары, емдеу мекемелері, қызметтік жануарлар азық-түлігінің, жабдықтарының және асханалық-ас үй ыдыс-аяғының заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 677 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1313 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 245-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 54-жолмен толықтырылсын:
      "54. Тірі ірі қара мал 0102 (010290-нан басқа)".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі