Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 666 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Б.С. Сәрсековтің қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстар сметасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 133  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Б.С. Сәрсековтің Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы) ТМД-ның Терроризмге қарсы орталығындағы қызметін қамтамасыз етуге байланысты шығыстар сметасында:
      "Сомасы" деген бағандағы "1433" және "2433" деген сандар тиісінше "2100" және "3100" деген сандармен ауыстырылсын;
      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2006 - 2008 жылдарға - 2433 х 15 + 3100 х 21=101595 АҚШ доллары.
      1 АҚШ доллары бағамының 2006 жылы - 127 теңге, 2007 жылы - 117 теңге болғанын ескере отырып, 2006 - 2008 жылдар кезеңінде тағайындалу мерзіміне арналған барлық шығыстар 101595 АҚШ долларын құрайды.".
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі