Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1246 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 шілдедегі N 651 Қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 235 Қаулысымен.

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Қарағанды облысының Шахтинск қаласында және Шахан кентінде авариялық иесіз үйлерді жару жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ құрылыс қоқыстарын жинауға Қарағанды облысының әкіміне аудару үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен жалпы сомасы 363807000 (үш жүз алпыс үш миллион сегіз жүз жеті мың) теңге нысаналы ағымдағы трансферттер бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі