Гидрометеорология қызметi органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасының үлгi нысанын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1032 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 802 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1365  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақта "орта мектеп" деген сөздер "перзентхана" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Ресей Федерациясының Үкiметiн дипломатиялық арналар арқылы осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген өзгерiс туралы хабардар етсiн. 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі