Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнде мамандандырылған бөлiм құрудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 852 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасына Қазақстан Республикасы Президентiнiң Астана қаласындағы "Шағала" резиденциясының объектiлерiн салуға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 591400000 (бес жүз тоқсан бiр миллион төрт жүз мың) теңге қаражат бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі