Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 851 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен

      2006 жылғы 26 - 29 қаңтар кезеңiнде болған дүлей апаттың зардаптарын жою үшiн Қырғыз Республикасына ресми iзгiлік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне Қырғыз Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң төтенше резервiнен 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсiн.
 

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен көрсетiлген қаражатты: "БСК (МФО) 103002, Бiшкек қаласы, Қырғызстан АКБ Бiрiншi мамыр филиалы, КҰЖС 22710535, СЖН 00103200110150, Тiркелiм N СФКР 01-00326-09" арнайы банк шотына аударуды қамтамасыз етсiн, алушы: "Қырғыз Республикасы ТЖМ; Бiрiншi мамыр РОК-2, Е/ш 1030220801200161/202201220".
 

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
 

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы