Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 619 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңының  11-бабына сәйкес тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып Мақтарал, Отырар аудандары мәслихаттары мен әкімияттарының ұсыныстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШТІ  және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:
      Мақтарал ауданы бойынша
      Қызылту ауылдық округі - Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округі болып;
      Прогресс ауылдық округі - Аязхан Қалыбеков ауылдық округі болып;
      Отырар ауданы бойынша
      Қарақоныр ауылдық округінің Қарақоныр ауылы - Шәмші Қалдаяқов атындағы ауыл болып қайта аталсын.
 
      Облыс әкімі
 
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы
 
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы