Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 мамырдағы N 381 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 650 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.21 № 650 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту  бағдарламасы бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң     
2006 жылғы 11 мамырдағы
N 381 қаулысымен  
бекiтiлген    

  Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасы 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының азаматтарын жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасы "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының (бұдан әрi - Заң)  41-бабына сәйкес әзiрлендi.

      2. Қазақстан Республикасында азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту  соғыс жағдайы енгiзiлген кезеңде жүргiзiледi.

      3. Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқытудың мақсаты халықты азаматтық қорғаныс iс-шараларына тарту және соғыс уақытында Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшiн қажеттi контингент даярлау болып табылады.

      4. Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту жөнiндегi iс-шараларды бақылауды жергiлiктi әскери басқару органдары арқылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiжүзеге асырады.

      5. Қазақстан Республикасында азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқытуға мыналар тартылады:
      1) он алты жастан бастап қоса алғанда елу бес жасқа дейiнгi ерлер;
      2) балалары жоқ немесе балалары он жастан асқан, он сегiз жастан бастап қоса алғанда қырық бес жасқа дейiнгi әйелдер.

      6. Соғыс жағдайы енгiзiлген кезеңде жалпыға бiрдей әскери оқытудан азаматтар Заңда көзделген негiздер бойынша босатылады.

      7. Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқытуға 25 оқу сағаты бөлiнедi.

      8. Соғыс жағдайы енгiзiлген кезеңде азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту бойынша сабақтар өткiзуге арналған оқыту пункттерi азаматтардың жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жерi бойынша құрылады.

    2. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы  

Р/с
N №
Тақырыптың атауы Уақыты Өткізу нысаны

1

2

3

4

1. Кіріспе

1.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі. Соғыс жағдайы енгізілген кезеңіндегі әлемдегі әскери-саяси жағдай

1 сағат

дәріс

2. Азаматтық қорғаныс

2.

Қазіргі заманғы зақымдау құралдары. Төтенше жағдайларда халықты қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралар. Жеке және ұжымдық қорғану құралдары

1 сағат

дәріс

3.

Жұқпалы аурулар негізгі топтарының және бактериологиялық (биологиялық) зақымдау ошақтарының сипаты. Карантин және обсервация туралы түсінік

1 сағат

дәріс

4.

Жараланған, мертіккен кезде алғашқы медициналық көмек көрсету. Танудың, қан кетуді тоқтатудың құралдары мен тәсілдері

2 сағат

практикалық сабақ

5.

Жеке қорғану құралдары. Олардың жіктелуі

2 сағат

практикалық сабақ

3. Тактикалық даярлық

6.

Жауынгерлік қимылдарды ұйымдастыру негіздері. Ұрыста оқ ату. Оқ ату жүйесі

1 сағат

дәріс

7.

Сарбаздың ұрыстағы қимылдары. Сарбаз шабуылда

1 сағат

дәріс

8.

Сарбаз қорғаныста. Бөлімше қорғаныста

1 сағат

дәріс

4. Оқ ату даярлығы

9.

Қарудың материалдық бөлігі (АКМ, ПК). Автоматты (оқшашарды) бөлшектеу және құрастыру

2 сағат

практикалық сабақ

10.

Жарықшақты қол гранаталарының материалдық бөлігі

1 сағат

практикалық сабақ

11.

Атыстың негіздері мен ережелері

1 сағат

дәріс

12.

Жылжымайтын нысаналар бойынша орнынан оқ ату

4 сағат

практикалық сабақ

5. Инженерлік даярлық

13.

Бекіністі инженерлік жабдықтау және бүркемелеу

1 сағат

дәріс

14.

Автоматтан, оқшашардан және гранататқыштан атуға арналған жеке және екі адамдық окоптарды жабдықтау

2 сағат

практикалық сабақ

6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары

15.

Қарулы Күштердің жалпыәскери жарғылары туралы түсінік. Әскери ұжымның өмірі мен қызметіндегі жалпыәскери жарғылардың мәні. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері

1 сағат

дәріс

16.

Әскери атақтар, айырым белгілері. Ротаның тәуліктік нарядының тағайындалуы, құрамы және қару-жарағы. Тәуліктік нарядтың міндеттері

1 сағат

дәріс

7. Әскери топография

17.

Жергілікті жерлерде картасыз бағдар алу және азимут бойынша жылжу

2 сағат

практикалық сабақ


Барлығы:

25 сағат