"Концессия туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 221 Қаулысы

      Ескерту. "Концессия туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен қайтарып алынсын - ҚР Үкіметінің 2006.06.14. N  550  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Концессия туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

      Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
"Концессия туралы"

      Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, концессия шарттарын жасасу, орындау және олардың қолданылуын тоқтату шарттары мен тәртiбiн айқындайды, концессионерлердi мемлекеттiк қолдау кепiлдiктерi мен шараларын айқындайды.

  1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) концессия - концессия шарты бойынша концессионерлерге мемлекеттiк меншiк объектiлерiн уақытша иелену және пайдалану құқықтарын, сондай-ақ концессионердiң қаражаты есебiнен мiндеттi қаржыландырумен және мемлекетке берумен, жаңа объектiлердi құру (салу) және одан әрi иелену, пайдалану және билiк ету не мұндайсыз құқықтарын беру;
      2) концессия шарты - тараптардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын концедент пен концессионер арасындағы жазбаша келiсiм;
      3) конкурстық құжаттама - конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбiн қамтитын, әлеуеттi концессионерге ұсынылатын құжаттама;
      4) концедент - тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар арқылы әрекет ететiн Қазақстан Республикасының Үкiметi не жергiлiктi атқарушы орган атынан Қазақстан Республикасы;
      5) концессионер - концессия шартына сәйкес концессия объектiсiне құқық алған заңды тұлға (мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда);
      6) концессия объектiсi - қазiргi бар мемлекеттiк меншiк объектiлерi және концессия шартының талаптарын орындау нәтижелерi бойынша пайда болатын объектiлер;
      7) концессия жөнiндегi конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрi - конкурсты ұйымдастырушы) - концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстарды өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
      8) мерзімді баспасөз - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртіппен объектiлердi концессияға беруге байланысты ақпаратты жариялауға арналған құқықтық тендерлiк негiзде алған мерзiмдi баспа басылымдар;
      9) әлеуетті концессионер - концессия шартын жасасу мақсатында концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушы заңды тұлға (мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда);
      10) концессияны iске асыру жобасы - шектеулi уақыт кезеңiнде iске асырылатын және аяқталған сипатқа ие концессияны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы.
      11) республикалық меншiкке иелiк ету жөнiндегi уәкiлеттi орган - өз құзыреті шегінде республикалық меншiк объектiлерiн басқару саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      12) тиісті саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы - мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-бап. Қазақстан Республикасының концессия туралы
заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      Жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес реттеледi және жүзеге асырылады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Концессияның негiзгi қағидаттары

      Қазақстан Республикасында концессияның негiзгi қағидаттары:
      ашықтық қағидаты - орта мерзiмдi кезеңде сатуға ұсынылған концессия объектiлерiнiң тiзбесiн, мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстарды өткiзу және олардың нәтижелерi туралы ақпаратты мiндеттi түрде жариялау;
      әдiлдiк қағидаты - концедент пен концессионердiң мүдделерi мен тәуекелдерiнiң теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
      тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау қағидаты - концессия шарты бойынша концессионер ұсынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету.

4-бап. Концессия қолданылатын салалар

      1. Концессияға мынадай объектiлер берiлуi мүмкiн:
      1) бiлiм беру саласындағы объектiлер;
      2) тұрғын үй-коммуналдық саладағы объектiлер;
      3) көлiк инфрақұрылымының объектiлерi;
      4) денсаулық сақтау саласындағы объектiлер;
      5) электр энергетикасы саласындағы объектiлер;
      6) туризм саласындағы объектiлер.
      2. Концессияға берiлмейтiн объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

5-бап. Концессионерге жер учаскелерiне құқықтар беру

      Концессия шартын iске асыру мақсатында концессионерге Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жердi пайдалану құқығы берiлуi мүмкін.

6-бап. Концессия шартына байланысты келтiрiлген
шығындарды өтеу

      1. Концессионердiң концессия шартын орындауға байланысты шығындары өндiрiлген өнiмдi өткiзу және концессия объектiсiн пайдалану процесiнде табыс алу жолымен өтелуi мүмкiн.
      2. Конкурсты ұйымдастырушының концессияға беру және концессия шарттарының орындалуын бақылау жөнiндегi конкурстар өткiзуге байланысты шығындарын қаржыландыру бөлiнген бюджет қаражаты шегiнде жүргiзiледi.
      4. Кепiлдiктер мен кепiлдемелер бойынша мемлекет қабылдаған мiндеттемелердiң көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мемлекеттiк кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру лимитiнен аспауы тиiс.

7-бап. Концессия объектiлерiне меншiк құқығы

      1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, концессияға берiлген, осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлерде жүргiзiлген жақсартулар, сондай-ақ концессия шартының талаптарын орындау кезiнде пайда болған мүлiк мемлекеттiк меншiк болып табылады.
      2. Шарт талаптарын орындау нәтижелерi бойынша пайда болған концессия объектiлерi:
      1) осы объектiлердi концессионердiң кейiннен пайдалануымен концессия объектiсiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн;
      2) концессия объектiсiнiң концессия шартында айқындалған пайдалану кезеңі аяқталғаннан кейiн мемлекетке берiледi.
      3. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионер концессия объектiлерiн пайдалану нәтижесiнде алған өнiм мен кiрiстер оның меншігi болып табылады.
      4. Концессия объектiлерi концеденттiң алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз кепiл нысаны бола алмайды және иелiктен шығарылмайды.

2-тарау. Концессия саласындағы мемлекеттiк реттеу

8-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өкiлеттiктерi

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi концессия саласында:
      1) орта мерзiмдi кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектiлердiң тiзбесiн бекiтедi;
      2) жасалған концессия шарттарының және берiлген мемлекеттiң кепiлдемелерi мен кепiлдiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiтедi;
      3) объектiлердi концессияға беру жөнiндегi конкурсты өткiзу ережесiн бекiтедi;
      4) концессия объектiлерi бойынша ұсыныстар беру, қарау және оларды iрiктеу ережесiн бекiтедi;
      5) экономиканың түрлi салаларындағы (аясындағы) үлгi концессия шарттарын бекiтедi;
      6) концессияны iске асыру жобаларына арналған өлшемдi бекiтедi;
      7) Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiндегi комиссияны құрады және ол туралы ереженi бекiтедi.

9-бап. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық
уәкiлеттi органның өкiлеттiктерi

      Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарларын, мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды ескере отырып, Тiзбенi қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.

10-бап. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi
органның өкiлеттiктерi

      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган концессия шарттары бойынша кепiлдеме мен кепiлдiктер шарттарын жасайды, сондай-ақ концессия шарттары бойынша мемлекеттiң берiлген кепiлдiктерi мен кепiлдемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi.

11-бап. Республикалық меншiкке иелiк ету жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi

      Республикалық мүлiкке иелiк ету жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
      1) республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген, тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органдары оларды Тiзбеге қосу үшiн ұсынатын концессия объектiлерi жөнiндегi ұсыныстарды келiседi;
      2) республикалық меншiкке жататын концессия объектiлерi жөнiнде жасалған концессия шарттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
      3) республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектiлерiне қатысты жобалар бойынша конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады;
      4) Комиссияның шешiмi негiзiнде республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектiлерi жөнiндегi концессия шартын жасасады;
      5) республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектiлерi жөнiндегi концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

12-бап. Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органының
өкiлеттiктерi

      Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы:
      1) жеке бастама тәртiбiнде жеке және заңды тұлғалар енгiзген ұсыныстарды ескере отырып, республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектiлерi жөнiндегi ұсыныстарды қалыптастырады;
      2) республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген концессия объектiлерiне қатысты жобалар бойынша конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады;
      3) республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген концессия объектiлерi жөнiндегi концессия шартын Комиссияның шешiмiнiң негiзiнде жасасады;
      4) республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген концессия объектiлерi жөнiндегi концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      5) республикалық меншiкке иелiк ету жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға жасалған концессия шарттары жөнiнде ақпарат бередi.

13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлеттiктерi

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) жеке және заңды тұлғалар жеке бастама ретiнде енгiзген ұсыныстарды ескере отырып, Тiзбеге енгiзу үшiн коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi жөнiнде ұсыныстар қалыптастырады;
      2) концессия шартын жасасу кезiнде тиiстi өңiр тұрғындарының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiн сақтауға байланысты мәселелердi шешу үшiн концессионермен келiссөздер жүргiзедi;
      3) коммуналдық меншiкке жататын объектiлер бойынша жасалған концессия шарттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
      4) Коммуналдық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiндегi комиссия туралы ереженi жасайды және бекiтедi;
      5) коммуналдық меншiкке жататын және Тiзбеде көзделген концессия объектiлерiне қатысты жобалар бойынша конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады;
      6) Комиссия шешiмiнiң негiзiнде коммуналдық меншiкке жататын және Тiзбеде көзделген концессия объектiлерi жөнiнде концессия шартын жасасады;
      7) коммуналдық меншiкке жататын және Тiзбеде көзделген концессия объектiлерi жөнiндегi концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

14-бап. Концессионерлер құқықтарының кепiлдiктерi және
концессионерлердiң қызметiн мемлекеттiк қолдау

      1. Концессионердiң жағдайын нашарлататын заңнаманың өзгерiстерi мен толықтырулары осы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн жасалған концессия шарттарына қолданылмайды.
      2. Концессионерлердiң қызметiн қолдау мақсатында мемлекеттiк қолдаудың мынадай түрлерi берiлуi мүмкiн:
      1) концессия шарттары шеңберiндегi инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекеттiң кепiлдемелерi;
      2) концессиялық жобаларды қаржыландыру үшiн тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер;
      3) концессия объектiсiн пайдалануға байланысты ерекше құқықтар беру;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру.
      Концессионерге мемлекеттiк қолдаудың жоғарыда аталған түрлерiнiң бiреуi не бiрнешеуi ұсынылуы мүмкiн.
      Концессионердiң қызметiн мемлекеттiк қолдаудың осы баптың 1-тармағында көзделген бiр не бiрнеше түрiн ұсынған кезде мұндай қолдаудың жиынтық құны концессияны iске асыру жобасының өз құнынан аспауға тиiс.

3-тарау. Объектiлердi концессияға беру

15-бап. Концессияға беру тәртiбi

      Объектiлердi концессияға беру үш кезеңде жүзеге асырылады:
      концессияға беруге ұсынылатын объектiлердiң орта мерзiмдi кезеңге арналған тiзбесiн қалыптастыру;
      концессионердi таңдау жөнiнде конкурс өткiзу;
      концессионердi айқындау және концессия шартын жасасу.

16-бап. Концессияға беруге ұсынылатын объектiлердiң
тiзбесiн қалыптастыру

      1. Концессияға беруге ұсынылатын объектiлердiң орта мерзiмдi кезеңге арналған тiзбесiн (бұдан әрi - Тiзбе) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Тiзбе мерзiмдi баспасөзде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялануға тиiс.
      2. Тiзбе екi бөлiмнен тұрады:
      1) қазiр бар мемлекеттiк меншiк объектiлерi;
      2) салынуы және пайдаланылуы концессия шарттарының негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер.
      3. Тiзбенi концессияға берiлуi мүмкiн объектiлер жөнiндегi ұсыныстар (бұдан әрi - ұсыныстар) негiзiнде республикалық бюджеттiң тиiстi қаржы жылына арналған кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөнiндегi мүмкiндiктерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу шеңберiнде экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қалыптастырады.
      Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган берiлген ұсыныстарға бағалау жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартады.
      4. Ұсыныстарды жеке немесе заңды тұлғалар жеке бастама ретiнде енгiзген ұсыныстарды ескере отырып, тиiстi саланың yәкiлеттi мемлекеттiк органы және жергiлiктi атқарушы органдар қалыптастырады.
      Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы республикалық меншiктегi концессия объектiлерi жөнiндегi ұсыныстарды республикалық меншiкке иелiк ету жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсуге тиiс.
      5. Ұсыныстарды беру, қарау және iрiктеу ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

17-бап. Концессионердi таңдау жөнiнде конкурс өткiзу

      1. Тiзбеге енгiзiлген объектiлер бойынша концессионердi таңдау концессияны iске асыру жобалары бойынша ашық конкурс өткiзу жолымен жүзеге асырылады.
      2. Республикалық меншiкке иелiк ету жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектiлерiне қатысты концессияны iске асыру жобалары жөнiндегi конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
      Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген концессия объектiлерiне қатысты iске асыру жобалары жөнiндегi конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
      Тиiстi жергiлiктi атқарушы орган коммуналдық меншiкке жататын және Тiзбеде көзделген концессия объектiлерiне қатысты iске асыру жобалары жөнiндегi конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
      3. Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн әлеуеттi концессионер конкурсты ұйымдастырушының мекен-жайына жабық конвертпен конкурстық өтiнiмдi табыс етедi.
      Конкурстық өтiнiмдi әлеуеттi концессионер конкурстық құжаттамаға сәйкес қалыптастырады және ол концессияны iске асыру жобасынан, әлеуеттi концессионерлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардан және өзге құжаттардан тұрады.
      Әлеуеттi концессионер өзiнiң конкурстық өтiнiмiн дайындауға және беруге, сондай-ақ осы Заңның 18-бабының 5-тармағына, 20-бабының 3-тармағына сәйкес конкурсты ұйымдастырушы өткiзетiн кездесуге және келiссөздерге өзiнiң қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтередi. Конкурсты ұйымдастырушыға конкурстың нәтижелерiне қарамастан осы шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелер жүктелмейдi.
      Әлеуеттi концессионерлердiң конкурстық өтiнiмдер беру мерзiмдерiн конкурсты ұйымдастырушы белгілейдi.
      4. Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, концессионердi таңдау жөнiнде өткізуге дайындалып жатқан конкурстар туралы мәлiметтердi конкурсты ұйымдастырушы мерзiмдi баспасөзде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды.
      Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай ақпаратты қамтуға тиiс:
      1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және орналасқан жерi;
      2) концессия объектiсi туралы ақпарат;
      3) конкурстық құжаттаманы алатын орын және оның тәсiлдерi, сондай-ақ оған ақы төлеу үшiн деректемелер;
      4) конкурстық өтiнiмдер берудiң орны және түпкiлiктi мерзiмi;
      5) конкурсты ұйымдастырушы айқындайтын басқа да қажеттi ақпарат.
      Конкурс өткiзу туралы хабарландыру конкурстық өтiнiмдер қабылдау аяқталатын күнге дейiн жүз күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей мерзiмдi баспасөзде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялануға тиiс.
      5. Конкурстық өтiнiмдердi қарауды және iрiктеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы органдар құратын Концессиялар жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.
      Комиссияның жұмыс органы конкурсты тиiстi ұйымдастырушы болып табылады.
      6. Егер:
      1) конкурстық өтiнiм берген әлеуеттi концессионер бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе;
      2) конкурстық өтiнiм конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермесе, Комиссия конкурстық өтiнiмдi керi қайтаруға құқылы.
      7. Егер белгiленген мерзiмде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтiнiмдер келiп түспесе не конкурсқа қатысуға бiр өтiнiм берiлсе, онда концессияның осы объектiсi бойынша үшiншi және кейiнгi конкурстарды қоспағанда, конкурс өтпедi деп саналады.
      Қайтадан конкурс өткiзу туралы хабарландыру конкурстық өтiнiмдер қабылдау аяқталатын күнге дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей мерзiмдi баспасөзде жариялануға тиiс.
      8. Конкурс өткiзудiң ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

18-бап. Конкурстық құжаттаманың мазмұны

      1. Конкурсты ұйымдастырушы барлық әлеуеттi концессионерлерге мынадай ақпаратты қамтитын конкурстық құжаттаманы табыс етуге тиiс:
      1) өздерiнiң қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн әлеуеттi концессионерлер беруге тиiс құжаттарға қойылатын талаптар;
      2) техникалық ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды қоса алғанда, ал қажет болған жағдайда нормативтiк-техникалық құжаттама көрсетiле отырып, концессияға беруге ұсынылып отырған объектiнi сипаттау және оның жалпы техникалық және сапалық сипаттамалары;
      3) концессияға беруге ұсынылып отырған объектi орналасқан жер;
      4) бiр үлгi концессия шарты;
      5) жеңiп шыққан концессияны iске асыру жобасын анықтауға негiз болатын барлық өлшемдердi сипаттау, оның iшiнде мұндай әрбiр өлшемнiң салыстырмалы мәнi, концессияны iске асыру жобаларын бағалау және салыстыру тәсiлiн сипаттау;
      6) концессияны iске асыру жобасының бағасы көрсетiлуге тиiс валюта немесе валюталар және концессияны iске асыру жобасының бағаларын салыстыру және бағалау мақсатында оларды бiрыңғай валютаға келтiру үшiн қолданылатын бағам;
      7) Қазақстан Республикасының тiл туралы  заңнамасына  сәйкес конкурстық өтiнiмдердi, оның iшiнде концессияны iске асыру жобалары мен концессия шартын жасау және табыс ету тiлiне қойылатын талаптар;
      8) әлеуеттi концессионердiң конкурстық өтiнiм берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығына тиiстi нұсқама;
      9) конкурстық өтiнiмдер берудiң тәсiлi, орны және түпкiлiктi мерзiмi (бiрақ жергiлiктi уақыт бойынша жұмыс күнiнiң он бес сағатынан кешiктiрмей) және олардың қолданылу мерзiмi;
      10) әлеуеттi концессионердiң тiкелей конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашу сәтiнде концессияны iске асыру жобасының бағасы көрсетiлетiн конкурстық өтiнiмнiң бiр бөлiгiн ұсыну құқығына тиiстi нұсқау, онда;
      11) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуеттi концессионерлер солардың көмегiмен түсiндiрме сұрата алатын тәсiлдерi және конкурсты ұйымдастырушының осы кезеңде әлеуеттi концессионерлермен ашық нысанда өткiзiлетiн және хаттамаланатын кездесу өткiзу ниетi туралы хабарлама;
      12) конкурстық өтiнiмдi енгiзу шарттары және мазмұны;
      13) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын орын, күн және уақыт (бiрақ конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң түпкiлiктi мерзiмi анықталған сәттен бастап екi сағаттан кеш емес);
      14) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу және оларды қарау үшiн пайдаланылатын рәсiмдер.
      2. Конкурсты ұйымдастырушы табыс етiлген конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманы көшiрмесiн жасауға нақты жұмсалған шығындардан аспайтын ақы алуға құқылы.
      3. Әлеуеттi концессионер конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру туралы сұраумен, бiрақ конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiнгi отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жүгiнуге құқылы. Конкурсты ұйымдастырушы сұрау тiркелген сәттен бастап үш күн мерзiмде оған жауап қайтаруға және сұраудың кiмнен түскенiн көрсетпей, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық әлеуеттi концессионерлерге осындай түсiндiрменi хабарлауға мiндеттi.
      4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдi табыс етудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн жиырма күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей өз бастамасымен немесе әлеуеттi концессионердiң сауалына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу жолымен конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзуге құқылы.
      Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi болады және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы берген барлық әлеуеттi концессионерлерге олар туралы дереу хабарланады. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы әлеуеттi концессионерлердiң осы өзгерiстердi конкурстық өтiнiмдерде есепке алуы үшiн конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмiн кемiнде отыз күнтiзбелiк күн мерзiмге ұзартады.
      5. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр орында және тиiстi уақытта әлеуеттi концессионерлермен кездесу өткiзуге құқылы. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы оның көздерiн көрсетпей, осы кездесу барысында табыс етiлген конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы сауалдарды, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама дереу Комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық әлеуеттi концессионерлерге жiберiледi.
      6. Конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушы бекiтедi.

19-бап. Әлеуеттi концессионерге қойылатын
бiлiктiлiк талаптары

      1. Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн әлеуетті концессионер мынадай бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс:
      1) концессия шарты бойынша мiндеттемелердi орындауға қажеттi қаржылық және материалдық ресурстарының болуы;
      2) төлемге қабiлеттi болуы, таратылмайтын болуы, оның мүлкiне тыйым салынбаған болуы тиiс, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмаған болуы;
      3) заңды кyшiне енген сот шешiмi негiзiнде концессия шарттары бойынша соңғы екi жылда жасасқан мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапкершiлiкке тартылмаған болуы.
      2. Әлеуеттi концессионер өзiнiң осы баптың 1-тармағында көзделген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн конкурсты ұйымдастырушыға тиiстi құжаттарды табыс етедi.
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде мiндеттi аудит өткiзу белгiленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылы үшiн аудиторлық есептi де табыс етедi.
      3. Бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берiлген жағдайда әлеуеттi концессионер осындай факт белгiленген кезден бастап үш жыл iшiнде концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
      Табыс етiлетiн ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы Комиссияның әлеуеттi концессионердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды қарауы кезiнде белгiленедi.
      4. Конкурсты ұйымдастырушының әлеуеттi жеткiзушiге осы Заңда көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеуге құқығы жоқ. Әлеуеттi Жеткiзушi өзiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына қатысы жоқ ақпаратты табыс етпеуге құқылы.

20-бап. Концессионердi айқындау және концессия
шартын жасасу

      1. Комиссия конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақытта және орында конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашады.
      Конкурсты ұйымдастырушы тиiстi конкурстық өтiнiмде қамтылған ұсынылған концессияны iске асыру жобаларына бағалау және сараптау жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартады.
      2. Комиссия әлеуеттi концессионерлер ұсынған барлық конкурстық өтiнiмдердi қарайды.
      Егер конкурс үшiншi рет өткiзiлсе және конкурсқа қатысуға бiр ғана конкурстық өтiнiм берiлсе, Комиссия осы өтiнiмде ұсынылған концессияны iске асыру жобасын оны iске асыру мүмкiндiгi тұрғысынан қарайды.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн жобаларға қойылатын өлшемдер негiзiнде концессияны iске асыру жобасы үздiк деп танылған әлеуеттi концессионермен Комиссия концессия шартының жобасын және талаптарын нақтылау жөнiнде келiссөздер жүргiзедi.
      4. Келiссөздердi дайындау шеңберiнде концессияны iске асыру жобасы мен концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия жазбаша нысанда өтiнiм берушiге жiберуi тиiс.
      Келiссөздер жүргiзудiң қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы Комиссияның тиiстi шешiмдерi қабылданады.
      Келiссөздер барысында конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессияны iске асыру жобасының бастапқы параметрлерi мен сипаттамасына өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
      5. Егер концессияны iске асыру жобасы үздiк деп танылған әлеуеттi концессионер Комиссияның ескертулерi мен ұсыныстарына сәйкес концессия шартының жобасы мен талаптарын талқылау мен нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары конкурс шарттарының тұрғысынан қолайсыз болып табылса, онда бұл жобаны Комиссия қарамайды және ұсынылған конкурстық өтінiмдердiң iшiнен концессияны iске асырудың үздiк жобасы қайтадан тыңдалады.
      6. Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың қорытындылары бойынша Комиссияның шешiмiмен концессия шартының жобасы мен реакциясы бекiтiледi, ал жобаға өтiнiм берушi конкурстың жеңiмпазы болып танылады.
      Комиссия шешiмi хаттама түрiнде ресiмделедi.
      7. Конкурсты ұйымдастырушы Комиссия шешiмi негiзiнде конкурс жеңiмпазымен концессия шартын жасасады.
      8. Концессия шартын жасасудың мерзiмi конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
      9. Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәлiметтердi қоспағанда, концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстардың нәтижелерi туралы мәлiметтердi ұйымдастырушы мерзiмдi баспасөзде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды.

4-тарау. Концессия шарты

21-бап. Концессия шартының мазмұны

      1. Концессия шарты:
      1) концессия объектiсi (концессияға берiлетiн мемлекеттiк меншiктiң объектiсiнiң құрамы мен құны) немесе концессионер құруға (салуға) тиiстi объект туралы мәлiметтердi;
      2) концессионердiң концессия объектiсiне құқықтары және (немесе) белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыруға құқықтары туралы шарттарды;
      3) концессионердiң қажеттi қызметтер саны мен сапасын ұсыну мақсатында объектiнi қажеттi жақсарту жүргiзудiң шарттары мен көлемiн;
      4) концессионердiң шығындарын өтеу тәртiбiн;
      5) белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беру шарттары мен тәртiбiн;
      6) инвестициялардың, оның iшiнде негiзгi қорларға инвестициялардың мөлшерi туралы шартты, әзiрленген бизнес-жоспарға (жұмыс бағдарламасына) сәйкес жобаны қаржыландыру мерзiмi мен шарттарын;
      7) қызмет түрлерiн (шарт талаптары бойынша ұсынылатын жұмыстарды, қызметтердi);
      8) концессия шарты бойынша концессионер ұсынатын жұмыстардың, тауарлардың және қызметтердiң сапа стандарттарын;
      9) шарттың қолданылу мерзiмiн;
      10) тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;
      11) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды;
      12) концессия объектiсiн, сондай-ақ концессия шартын орындауға байланысты берiлген жер учаскелерiн мемлекетке беру тәртiбi мен шарттарын;
      13) тараптардың жауапкершiлiгiн;
      14) шартты өзгерту және тоқтату талаптарын;
      15) тараптардың орналасқан жерiн және банктiк деректемелерiн;
      16) концеденттiң концессия шарттарын орындауын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн қамтуы тиiс.
      2. Концессия шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шарттар көзделуi мүмкiн.
      3. Шартқа өзгерiстер тараптардың келiсiмi бойынша енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, шарт талаптары концессия шартының барлық қолданылу мерзiмiне күшiн сақтайды.
      4. Концессия шарты концеденттiң бiр жақты тәртiппен шарттың талаптарын өзгерту немесе қоғам мен мемлекет мүддесi үшiн шартты бұзу талабын көздеуi мүмкiн, бұл ретте шарт, оның iшiнде мұндай әрекеттер ұлттық және экологиялық қауiпсiздiктi, денсаулық сақтауды және адамгершiлiктi қамтамасыз ету мақсатында жасалса, мұндай жағдайлардың толық тiзбесiн қамтуы тиiс.
      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген құқықты концедент iске асырған жағдайда, концедент концессия шарты талаптарының өзгеруiне байланысты қосымша шығындарды концессионерге өтеуге, сондай-ақ концессия шартының бұзылуына байланысты концессионер шеккен залалдардың орнын толтыруға мiндеттi.

22-бап. Концессия шартының мерзiмi және оның
қолданылуын тоқтату

      1. Концессия шарты кемiнде үш жыл және отыз жылдан аспайтын мерзiмге жасалады.
      Концессия шарты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң не жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша отыз жылдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Концессия шартын жаңа мерзiмге ұзарту кезiнде оның талаптары тараптардың келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
      2. Концессия шарты мынадай негiздер бойынша тоқтатылуы мүмкiн:
      1) концессия шартының қолданылу мерзiмiнiң өтуi;
      2) концессионердi тарату;
      3) тараптардың келiсiмi бойынша мерзiмiнен бұрын бұзу;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және концессия шартында көзделген өзге де жағдайларда.

5-тарау. Концессия шарты тараптарының негiзгi
құқықтары мен мiндеттерi

       23-бап. Концеденттiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Концедент:
      1) концессионермен концессия шартының талаптары туралы келiссөздер жүргізуге;
      2) концессионердiң кiнәсiнен концессия объектiсiнiң жай-күйі нашарлаған жағдайда концессионерден залалдарды өтеудi талап етуге;
      3) тәуелсiз аудиторлық ұйымды тарту арқылы концессионердiң қаржы-шаруашылық қызметiн тексерудi жүзеге асыруға;
      4) Қазақстан Республикасы заңнамасының, концессия шарты талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және жол берiлген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;
      5) концессионер концессия шартының талаптарын бұзған жағдайда оны бұзуды талап етуге;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      2. Концедент:
      1) концессия шартында көзделген талаптарда және мерзiмдерде концессионерге концессия объектiсiне құқықтарды беруге;
      2) концессия шарттарының жобаларын мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсуге;
      3) концессия шартында көзделген және концессионердiң концессия объектiсiне құқықтарын растайтын құжаттарды уақтылы беруге;
      4) жасалған концессия шарттары тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттiк органға жыл сайын есептiк ақпарат беруге;
      5) концессия шартында көзделген талаптарды сақтауға;
      6) жақсартылатын концессия объектiлерiн үшiншi адамдардың құқықтарынан бос күйiнде беруге;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.

24-бап. Концессионердiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Концессионер:
      1) концессия шартында көзделген талаптарда концессия объектiсiне қатысты құқықтарды жүзеге асыруға;
      2) инвестициялық заңнамаға сәйкес ұсынылатын инвестициялық преференциялар субъектiсi болуға;
      3) концессия шартын орындауға байланысты шеккен шығындардың өтемiн алуға;
      4) концедент концессия талаптарын бұзған жағдайда оны бұзуды және мiндеттемелердi бұзудан туындаған залалдарды өтеудi талап етуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      2. Концессионер:
      1) концессияның қолданыстағы объектiлерiнiң (кәсiпорындарының) бейiнiн сақтауға;
      2) шартта көзделген жұмыстарды жүргiзуге (қызметтер көрсетуге);
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен концессия объектiсiнiң мүлiктiк кешенiне кiретiн әлеуметтiк сала объектiлерiн қаржыландыруға;
      4) Қазақстан Республикасының еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;
      5) концессия шарты жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн концессия объектiсiн шарттың талаптарына сәйкес тиiстi техникалық және үшiншi адамның құқықтарынан бос күйде концедентке беруге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.

6-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

25-бап. Дауларды шешу

      1. Мемлекеттік меншiк объектiлерiн концессияға беруге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында және концессия шартында белгiленген тәртiппен шешiледi.
      Концессия шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және концессия шартында келiсiлген дауларды шешу рәсiмдерiне сәйкес келiссөздер арқылы шешiледi.
      2. Егер келiсiм-шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлмесе, онда тараптар Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес сот тәртiбiмен, оның ішінде халықаралық коммерциялық төрелiк ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес халықаралық төрелiк етуге өтініш беру арқылы дауды шешуге құқылы.

26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жасалған концессия шарттары осы шарттарда белгiленген мерзiм өткенге дейiн өзiнiң қолданылуын сақтайды.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi