Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi N 833 және 2004 жылғы 29 қазандағы N 1129 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақастан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 135 Қаулысы

        Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі  N 100  (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
________________________________

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 447  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3333 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. тамыз, N 17, 135-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесінде:
      23-тармақтың бірінші сөйлемінде "шарттарға және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоятын тұлғалардан басқа," деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Д.М.Шәженова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр