Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 8 шілдедегi N 738 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 қазандағы N 1000 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы N 632 Қаулысымен

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жабық акционерлiк қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының бiрiншi кезеңiн iске асырудың қорытындыларын шығаруға арналған семинар-кеңес өткiзу жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражаттың оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатының сақталуын, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарының орындалуын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі