Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі N 738 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы N 632 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.23 N 632 Қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Мына құрамда комиссия құрылсын:    

Түсіпбеков                 - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы            министрі, төраға

Қосдәулетов                - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Дулат Рашитұлы               вице-министрi, төрағаның орынбасары

Жұмабаев                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ермек Жианшаұлы              Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Сапарғалиев                - "Қазақ гуманитарлық заң университеті"
Ғайрат Сапарғалиұлы          акционерлiк қоғамы Мемлекет және
                             құқық ғылыми-зерттеу институтының
                             директоры (келісiм бойынша)

Егімбаева                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
Жанна Дачеровна              Министрінің Кеңсесі Заң бөлімінің
                             меңгерушісі

Асанов                     - Қазақстан Республикасының Парламенті
Жақып Қажманұлы              Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Жұрынов                    - "Қазақстан Республикасы Ұлттық
Mұpат Жұрынұлы               ғылым академиясы" республикалық
                             қоғамдық бiрлестігінің президентi
                             (келiсiм бойынша)

Тілеухан                   - Қазақстан Республикасының Парламентi
Наркес Тiлекқызы             Мәжілiсінің Аппараты Заң шығару
                             бөлімiнiң меңгерушісi
                             (келiсім бойынша)

Жақселекова                - Қазақстан Республикасы
Ботагөз Шаймарданқызы        Әділет министрлігінің Заңнама
                             департаменті директорының
                             орынбасары, хатшы

Ешімова                    - Қазақстан Республикасы Экономика және
Дана Ақылбекқызы             бюджеттік жоспарлау министрлігі Заң
                             департаментінің директоры

Дәленов                    - Қазақстан Республикасының
Руслан Ерболатұлы            Қаржы вице-министрі

Тұрғанов                   - Қазақстан Республикасының
Дүйсембай Нұрбайұлы          Энергетика және минералдық
                             ресурстар вице-министрі

Үкібаев                    - Қазақстан Республикасы
Ермек Елеуханұлы             Республикалық ұланы
                             Қолбасшысының бірінші
                             орынбасары (келісім бойынша)

Асқаров                    - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бақытжан Бекзатханұлы        жанындағы сот әкімшілігін жүргізу
                             комитеті төрағасының орынбасары
                             (келісім бойынша)

Темірбеков                 - Қазақстан Республикасы Конституциялық
Әлібек Ақылбекұлы            кеңесінің аппараты басшысы, заң
                             ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

Оразаев                    - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Әбілахатұлы            шаруашылығы вице-министрі

Аманқабжан                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Алмат Аманұлы                Заң қызметі департаментінің директоры

Уақпаев                    - Қазақстан Республикасы Парламенті
Марат Сұлтанұлы              Сенатының Аппараты Сараптама бөлімінің
                             меңгерушісі (келісім бойынша)

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2003.10.07 N 1035, 2005.06.28 N 644, 2005.10.04 N 1000,
2006.08.01 N 727, 2007.10.05 N 905, 2008.04.07 N 323, 2008.06.16
N 587, 2009.05.15. N 728, 2009.10.29 N 1707 Қаулыларымен.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.
      4. Комиссияға өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттік органдарының мамандарын белгіленген тәртіппен тартуға, сондай-ақ қажетті ақпаратты сұратуға рұқсат етілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі