"Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.08.2022 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2) "Mac күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 маусымдағы N 528 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 25, 233-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесiнде:
13-тармақтағы "жазуға құқылы" деген сөздер "жазады" деген сөзбен ауыстырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.08.2022 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiлетiн 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрiнiң | |
мiндетiн атқарушы |