Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде фортификациялау (байыту) ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 708 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы N 32 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Yкiметi заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 26-жолдың 2-бағанындағы "Инновациялық қызмет туралы (жаңа редакцияда)" деген сөздер "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі