Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 20 мамырдағы N 481 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 мамырдағы N 519 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      3-бағанда:
      реттiк нөмiрi 5-жолдың екiншi абзацындағы "пайдалану" деген сөз "жобалау (технологиялық) және пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрі 6-жолдың бiрiншi абзацы "жобалау" деген сөзден кейiн "(құрылысқа арналған жобалау жұмыстары)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2)  күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.  N 1311 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі