Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.09 № 1177 Қаулысымен.
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстардың және мемлекеттiк сатып алу нысаны болып табылмайтын сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын, сатып алынатын мүлiктiң (активтердiң) тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі 
  Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 29 наурыздағы  
N 274 қаулысымен     
бекiтiлген       
 
  Сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты 
шығыстардың және мемлекеттiк сатып алу нысаны болып табылмайтын сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын, 
сатып алынатын мүлiктiң (активтердiң) 
тiзбесi 
      1. Сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстар: 
      1) сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысу үшiн қажеттi құжаттарды сатып алу жөнiндегі; 
      2) сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысу үшiн енгізiлетiн кепiлдi жарна. 
      2. Сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын, сатып алынатын мүлiк (активтер): 
      1) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алынатын электр энергиясы; 
      2) салық төлеушiлердiң салық берешегi есебiне иелiк ету шектелген мүлкі.