Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен мекемелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2007 жылғы 7 қыркүйектегі N 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 5 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4958 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 4 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі N 574  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
      16-тармақтың үшінші абзацының екінші сөйлеміндегі "лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын" деген сөздер "лицензияның телнұсқасын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі