Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1370 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1203 қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N  1203  қаулысымен.

      Қайталама қара және түсті металдар рыногын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 148-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:

      2-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 25-күнi өнеркәсiп саласындағы орталық уәкiлетті органға берiлген, тоқтатыла тұрған және қайтарып алынған лицензиялар, мамандандырылған кәсiпорындардың тiзбесiне енгізiлген заңды тұлғалар туралы, сондай-ақ лицензияларды тоқтата тұру және қайтарып алу жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы есеп берсiн.";

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегі қызметiн лицензиялаудың ережесiнде:
      2-1-тармақ алынып тасталсын;

      21-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы ", оның iшiнде" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
      "22) өнеркәсiп саласындағы орталық уәкiлетті органның келiсуi";

      көрсетiлген Ережеге қосымшада:
      4-тармақтағы "қызметi мамандандырылған ұйымдар" деген сөздердiң алдынан "түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату" қызметi түрiне лицензиясы бap" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі