"Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 1316 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 766 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 766 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 465 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Компания) (келiсiм бойынша) заңды тұлғалардың:

      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кепiлдiгiмен берiлген орталықтандырылған (директивтiк) кредиттер;

      2) жергiлiктi атқарушы органдардың кепiлдiгiмен берiлген орталықтандырылған (директивтiк) кредиттер;

      3) меншiктi айналым қаражатын толтыруға берiлген кредиттер;

      4) өзара борыштар бойынша iшкi республикаiшiлiк есептеу жүргiзудiң нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер берешектерiн республикалық бюджетке өндiрiп алу жөнiнде құқықтар берсiн.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 465 Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Компаниямен келiсiм жасасу жолымен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кредиттер бойынша өндiрiп алу жөнiндегi құқықтарды беру жөнiндегi шараларды қабылдасын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 465 Қаулысымен.

      3. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi қабылдау-беру актiсiне қол қоя отырып, құжаттаманы:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған қарыз алушылар бойынша;

      2) Компанияға әрекет ететiн қарыз алушылар бойынша берсiн.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 465 Қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі