Штат санының лимиттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1240 Қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн:
      1) көрсетілген қаулының  10-қосымшасында :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанында:
      реттік нөмiрi 2-жол мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын: "Саны 1 бiрлiк ғимарат сатып алу.";
      реттiк нөмiрi 5-жолда:
      "19", "1834", "264" және "70" деген сандар тиісiнше "17", "1649", "357" және "64" деген сандармен ауыстырылсын;
      "19 атаулы саны 1834 бiрлiк байланыс құралдарын" деген сөздерден кейiн "; 7 бiрлiк ас үй жабдығын; 7 бiрлiк тұрмыстық техника" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 10-жолда:
      "5" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын;
      "1 атаулы шағын электр станциясын" деген сөздерден кейiн ", 1 атаулы шаруашылық жабдығын" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) көрсетілген қаулының  12-қосымшасында :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 6 тармақтың 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 2-жолда:
      "диктофон - 15 бiрлiк" деген сөздер "диктофон - кемiнде 20 бiрлiк, бейнекамералар - 4 бiрлiк, цифрлы фотоаппараттар - 2 бiрлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "күзет сигнал белгiлерiн құру;" деген сөздерден кейiн "күзету жөнiндегi қызметтер;" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмiрi 3-жолдың 7-бағанында:
      "көлiктегi ішкі iстер басқармалары" деген сөздерден кейiн ", Әскери-тергеу округтерi, басқармалары және бөлiмдерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) көрсетілген қаулының  17-қосымшасында :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөніндегi іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанында:
      "52" деген сандар "143" деген сандармен ауыстырылсын;
      "52 бiрлiк" деген сөздерден кейiн ", тораптық сүзгі - 121 бiрлiк, лазерлiк принтерлер - 36 бiрлiк, маршрутизаторлар - 2 бiрлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) көрсетiлген қаулының  18-қосымшасында :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанында:
      "мультимедиялық проектор - 1 жиынтық" деген сөздерден кейiн ", сыртқы бақылау жүйесi - 1 жиынтық;" деген сөздермен толықтырылсын;
      "40000 метр оптикалық-талшықты кабель" және "бекiту жиынтығы мен аксессуарлары - 8 жиынтық" деген сөздер "24000 метр оптикалық-талшықты кабель" және "бекіту жиынтығы мен аксессуарлары - 7 жиынтық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "монтаждау үшін қосалқы жабдықтар - 1 жиынтық" және "бағдарламалау және әкiмшілендiру жүйесі - 1 жиынтық" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) көрсетiлген қаулының  20-қосымшасында :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанындағы "23" деген сандар "29" деген сандармен ауыстырылсын;
      6) көрсетілген қаулының  21-қосымшасында :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 7-бағанындағы "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінің ішкі әскерлер комитетi" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) көрсетілген қаулының  24-қосымшасында :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің өзге де көрiнiстерiне қарсы күрестiң 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес iс-шаралар жүргiзу. 18 атаулы заттай мүлiк пен басқа да нысандық және арнайы киім-кешек заттарын сатып алу, тiгу; 10 атаулы саны 270 бiрлiк қару-жарақ, 4 атаулы оқ-дәрі, 2 атаулы саны 85 бiрлiк броньды қорғаныш құралдарын; саны 3 бiрлiк оқ қармағыш; саны 1 бiрлiк оқ қармағыштың қосалқы блогын, саны 10 бiрлiк сүңгуiр жарағын, 5 атаулы саны 425 бірлік тыл мүлкiн, 73 атаулы саны 776 бiрлiк ұйымдық арнайы криминалдық техника, 1 атаулы саны 50 дана шығыс материалын, 18 атаулы саны 1669 бiрлiк байланыс құралдарын, 9 атаулы саны 306 бiрлiк автокөлiк, 1 атаулы саны 3 бiрлiк бронетехника сатып алу. Iшкi жедел байланыс желiсi арналарын ұйымдастыру: саны 2 бiрлiк мониторинг орталығында орналастырылатын аудио ақпаратты қабылдау, жинау және өңдеу серверін; саны 1 бiрлiк бағдарламалық қамтамасыз етiлетін мониторинг орталығында орнатылған дабыл серверлерiн жаңғыртуға арналған аппараттық бөлiктi; саны 1 бiрлiк мониторинг орталығында орнатылған серверлерді орналастыруға арналған шкафты; саны 1 бiрлiк мониторинг орталығындағы операторлардың жұмыс орындарының жиынтығы аралығында ақпарат берудi ұйымдастыруға арналған арна қалыптастыратын жабдықтың жиынтығын сатып алу. Оператордың жұмыс орнының жиынтығын қалыптастыру және мониторинг орталығының жабдығына қосу; жұмыс орындарының жиынтықтарын тексеру мен тестiлеу, кепiлдi мерзiм ішінде жабдықты жоғары деңгейде техникалық қолдау және оған қызмет көрсету; саны 10 бiрлiк оператордың жұмыс орнын арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету; саны 1 бiрлiк дерекқор серверлерiн жаңғыртуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету. Терроризмге қарсы күрес жөнiндегі бөлiмшелердiң саны кемiнде 10 адам кадрлық құрамын үйрету, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру. Арнайы автомобильдердегі арнайы техника кешенiн монтаждау, жөндеу және iске қосу жөнiндегi жұмыстар. 4 атаулы саны 5 бiрлiк арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу. Елiмiзден тысқары жерлерге қызметтік iссапарларға ақы төлеу.";
      8) көрсетiлген қаулының  26-қосымшасында :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанындағы "6" және "79" деген сандар тиiсiнше "7" және "81" деген сандармен ауыстырылсын;
      9) көрсетілген қаулының  32-қосымшасында :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанындағы "3 портативтік рентген флюроскопын" деген сөздерден кейiн ", 12 бiрлiк желілік сүзгі, 4 бiрлiк қағаз жоятын машина, үздіксіз қоректендіру блогы бар 41 жиынтық дербес электронды eceптеу машинасын, 5 бiрлiк факсимильдік аппарат, 3 бiрлiк көшіргіш аппарат, 3 бiрлiк сканер, 2 бiрлiк моноблок, 21 бiрлiк принтер, 2 бiрлiк бейнекамера, 5 бiрлiк сейф, 1 жиынтық жобалау жабдығын" деген сөздермен толықтырылсын.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі