"Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының директорлар кеңесi құрамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 933 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.20. N 885 қаулысымен.

      Ресей халқымен ынтымақтастық және Ресей Федерациясының Беслан қаласындағы лаңкестік әрекет құрбандары үшін қайғырудың белгісі ретінде:

      1. Қазақстан Республикасында 2004 жылғы 7 қыркүйекте 12.00 сағатта Жалпыұлттық бір минут үнсіздік жариялансын.

      2. Оқу орындарында, әскери бөлімдерде, меншіктің барлық нысандарындағы өзге де ұйымдарда Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекет құрбандары Бір минут үнсіздікпен еске алынсын.
      Жалпыұлттық бір минут үнсіздік кезінде Қазақстан Республикасының электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына өз хабарларын беруді тоқтатып, Ресей Федерациясының Беслан қаласындағы лаңкестік әрекеттің құрбандары туралы жалпыұлттық еске алу акциясына қосылу ұсынылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Федерациясының Үкіметімен келісе отырып лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті