Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі N 730 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 661 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 661 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берілiп отырған Меншiктiң мемлекеттiк мониторингi ақпаратына қол жеткiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып белгіленсiн.

      3. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 2 шілдедегі
N 730 қаулысымен
бекiтiлген

Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі
ақпаратына қол жеткiзу ережесi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы Заңының 18-бабына сәйкес әзiрлендi және меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң берілетiн ақпаратына қол жеткiзу құқығын, көлемiн, тәртiбi мен мерзiмiн қамтитын меншiктiң мемлекеттiк мониторингi ақпаратына қол жеткiзу тәртiбiн айқындайды.

      2. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпараты қағаз жеткiзгiшпен және/немесе электрондық дерекқорға жедел санкцияланған қол жеткiзу арқылы беріледi.

2. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингi ақпаратына
қол жеткiзу құқығын беру

      3. Меншiктің мемлекеттік мониторингi ақпаратына қол жеткiзу құқығы:

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгiне;

      Қазақстан Республикасының Үкiметiне;

      орталық және жергілікті атқарушы органдарға, жергілiктi өкiлдi органдарға;

      Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға беріледi.

3. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингi ақпаратын беру көлемi

      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган толық көлемде немесе меншiктiң мемлекеттік мониторингi мәнiне жатқызатын жекелеген мәселелер бойынша меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң ақпаратын алуға құқығы бар.

      5. Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар оларға қатысты акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және қатысу үлестерiн иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асыратын меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң объектілерi бойынша толық көлемде меншiктің мемлекеттiк мониторингi ақпаратын алуға құқығы бар.

      6. Жергілiктi өкiлдi органдар және жергілiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң объектілерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi ақпаратын алуға құқығы бар.

      7. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және қатысу үлестерiн иелену және пайдалану құқығын және/немесе меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң объектiсiне, сондай-ақ жеке меншiктегi меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң объектілерiне қатысты мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асырмайтын орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар олардың құзыретiне жатқызатын мәселелердiң шегiнде меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратын алуға құқығы бар.

4. Меншіктің мемлекеттiк мониторингi ақпаратын
беру тәртiбі мен мерзiмi

      8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне меншiктің мемлекеттiк мониторингi ақпаратын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, сондай-ақ өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшілiгiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмаларымен көзделген меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзуге уәкiлеттi орган бередi.

      9. Орталық атқарушы органдарға, жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдарға және Қазақстан Республикасының Президентіне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға меншiктiң мемлекеттiк мониторингi ақпаратын тиiстi сұрау салудың негiзiнде меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуге уәкілеттi орган бередi.

      10. Меншiктiң мемлекеттік мониторингi ақпаратын беру:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiмен көзделген мерзімде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшілiгiнiң және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тапсырмаларымен көзделген мерзiмде;

      2) орталық атқарушы органдарға, жергілiкті өкілдi және атқарушы органдарға және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдарға меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуге уәкілеттi орган айқындайтын, бiрақ сұрау салуды алған күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады.

5. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингінiң электрондық дерекқорына жедел қол жеткiзу

      11. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген Мемлекеттік органдардың меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң электрондық дерекқорына қол жеткiзуi осы Ереженiң 3-бөлiмiнде белгіленген көлемде айқындалады.

      12. Меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң электрондық дерекқорына қол жеткiзудi жүргiзу мен қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу жөнiндегi уәкілетті орган айқындайды.