Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық экономикалық ынтымақтастық қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы жөнiндегi қарыз туралы келiсiмге түзетуге қатысты Қазақстан Республикасы мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банк

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы N 637 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 178-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      реттік нөмірі 6-жолдың 5-бағанында "ксерокс - 90 дана" деген сөздер "ксерокс - 106 дана" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға 185-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мынадай активтерді: саны 200 дана дербес компьютерлер, 200 дана үздіксіз қоректендіру көздерін, 200 дана принтерлер, 200 дана модемдер сатып алу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі