"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын одан әрi iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 397 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 452 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы "пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық" деген сөздер "пайдаланылатын ақпараттық анықтамалықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мыналар:
      1) "ЦЕНА-ИНФОРМ" жауапкершілігі шектеулі қоғамы ақпараттық-баспа фирмасының (Ресей Федерациясы) "Ценовая информация" ақпараттық бюллетені;
      2) Қазақстан азық-түлік өнімдерін өндірушілер одағының "Тамақ өнімдері бағаларының ақпараттық анықтамалығы" (Қазақстан Республикасы) тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын анықтамалықтар ретінде белгіленсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі