Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 526 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 тамыздағы N 1210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 34, 413-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ережеде:
3-тармақ: "Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлейдi" деген сөйлеммен толықтырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Жақсыбек Әбдiрахметұлы ғылым министрi
Абдрахманов - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Сауытбек Абдрахманұлы министрi
Жалғасбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Нұрлан Әділұлы министрлiгi халықаралық ұйымдар және
қауiпсiздiк проблемалары
департаментiнiң директоры, бас хатшы
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермек Әмiрханұлы вице-министрi
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбділдаұлы ортаны қорғау вице-министрi
Исаев - Қазақстан Республикасының Экономика және
Батырхан Арысбекұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Әуезов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мұрат Мұхтарұлы кiтапханасының бас директоры (келiсiм
бойынша)
мынадай:
"Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасы
Иманғали Нұрғалиұлы Премьер-Министрi, төраға
Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Қайрат Қуатұлы вице-министрi, төрағаның орынбасары
Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Дүйсен Қорабайұлы ақпарат және қоғамдық келiсiм
вице-министрi
Северский - География институтының директоры,
Игорь Васильевич ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера"
халықаралық гидрологиялық бағдарламасы
жөнiндегі ұлттық комитеттің төрағасы
(келiсiм бойынша)"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
Иманғали Нұрғалиұлы хатшысы, төраға (келiсiм бойынша)
Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Қайрат Қуатұлы бiрiншi вице-министрi, төрағаның
орынбасары
Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дүйсен Қорабайұлы министрi
Северский - География институтының бас ғылыми
Игорь Васильевич қызметкерi, ЮНЕСКО-ның "Адам және
биосфера" халықаралық гидрологиялық
бағдарламасы жөнiндегі ұлттық
комитеттiң төрағасы (келiсiм бойынша)";
көрсетiлген комиссияның құрамынан: Шәмша Көпбайқызы Беркiмбаева, Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед, Ержан Хозеұлы Қазыханов, Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов, Олег Григорьевич Рябченко, Мұрат Қабдылжаппарұлы Мұсатаев, Нағима Әбенқызы Айтқожина, Роза Аманғалиқызы Бердiғалиева шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |