Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 264 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 282 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мамандандырылған даярлау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымындағы қызметкерлерді даярлау мен біліктілігін арттыруды (арнайы оқыту курсы) жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының бірі ретінде белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі