Мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін мiндеттi түрде берiлетiн құжаттандырылған ақпарат пен электрондық құжаттар түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 ақпандағы N 165 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегі Су кодексiнің  49-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру әрi жүргiзу ережесi бекiтілсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Су ресурстары жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгімен, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Санитарлық қадағалау комитетiмен бiрлесiп, үш ай мерзiмде актiлер, хаттамалар мен нұсқамалар нысандарымен, оларды ресiмдеу әрi құқық бұзушылық туралы материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырумен бipгe су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру әрi жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн.

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Су қорын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1995 жылғы 29 сәуiрдегi N 600  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 16, 181-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 40-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң     
2004 жылғы 6 ақпандағы 
N 144 қаулысымен   
бекітiлген     

  Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк
бақылауды ұйымдастыру әрi жүргізу
Ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру әрi жүргiзудiң тәртiбiн белгілейдi.
      2. Мыналар:
      су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган;
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы;
      жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган;
      ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;
      фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      жергiлiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асырушы органдар болып табылады.
      3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармалары су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi және олардың қызметiн үйлестiредi.
      4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармалары:
      1) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекарасының және ерекше қорғалатын су объектілерiнде белгiленген шаруашылық қызмет режимiнiң сақталуын;
      2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келiсiмдер шарттары мен талаптарының орындалуын;
      3) су объектiлерi бойынша белгiленген нормалар мен ережелердiң, су тұтыну мен су бөлу лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуын;
      4) су жинау құрылыстарын, су шаруашылығы жүйелерi мен су қоймаларын пайдалану ережелерi сақталуын;
      5) су объектiлерiнен алынатын әрі оларға ағызылатын су мөлшерiн бастапқы есепке алудың дұрыс жүргiзiлуiн, су сапасын анықтаудың, су тұтыну мен су ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратураның болуы әрі олардың жай-күйiн, су пайдаланушылардың есептiліктiң және осы жабдықтар мен аппаратураны мемлекеттiк аттестаттаудың белгiленген мерзiмiн сақтауын;
      6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға лицензиялар мен рұқсаттарда белгіленген шарттармен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (cу тасқыны, су басуы, топан cу, жағалауды қиратуы және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi іс-шараларды орындауын;
      7) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң заңнамада белгiленген тәртiбiнiң сақталуын;
      8) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргiзудiң заңнамада белгiленген тәртiбi сақталуын және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алудың жүзеге асырылуын;
      9) белгiленген тәртiппен бекітілген жобалық құжаттаманың болуын әрi экономика салалары объектiлерiн, салу, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандырудың және су объектiлерiн, оларды қорғау аймақтары және белдеулерiн пайдалану мен қорғаумен байланысты өзге де қызметтiң оларға сәйкес болуын;
      10) су объектiлерiн өз бетiмен пайдалануға, су объектiлерiн қорғау аймақтары және белдеулерiнің аумақтарында өз бетiмен құрылыс салуға жол берілмеуiн;
      11) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетiстiктерiн, озық тәжiрибенi су тұтынудың үлесiн азайту жөнiндегi iс-шараларды кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгiзудi бақылауды жүзеге асырады.
      5. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкілеттi орган, өнеркәсiптік қауіпсiздiк саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган, халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салуаттылығы саласындағы уәкілетті орган, ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган, фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган және жергiлiктi атқарушы органдар:
      өз құзыретiне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      су қорының сапалық әрi сандық жай-күйiнiң өзгеруiн тексерудi және сараптама жүргізудi ұйымдастырады;
      су заңнамасының бұзылуын жоюға шаралар қабылдайды;
      су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;
      белгiленген талаптар бұзылып жүргiзiлген су объектiлерiне сарқынды суларды шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу, сондай-ақ судың жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiстiк объектiлер, цехтар мен кәсiпорындар қызметiн тоқтату туралы белгіленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi.

  2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк
бақылауды ұйымдастыру және жүргiзудiң тәртiбi

      6. Мемлекеттiк бақылау тексеру жүргізу жолымен жүргiзiледi, ол жоспарлы (жоспарланған әрi уәкiлеттi орган бекіткен) және жоспардан тыс (туындаған жағдайға сәйкес тағайындалатын, шағым, арыз бен өтiнiш бойынша дереу ден қоюды талап ететiн) болып бөлiнедi.
      Мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ су объектілерiн пайдаланумен, мемлекеттік кадастрлар және су қоры мониторингiн жүргізумен байланысты схемалар мен жобалар әзiрлеу кезiнде жүзеге асырылады.
      Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бiрлескен кешендi тексерулер жоспарлауы мүмкін.
      7. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру pәciмі олар тексеру басталғанға дейiн Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнде немесе оның аумақтық органдарында тiркелетiн I-П нысаны бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметін тексерудi жүргізу және тексерудi есепке алу карточкалары туралы бақылаушы орган шығаратын нұсқама негiзiнде жүргiзіледi.
      8. Анықталған су заңнамасын бұзушылық актімен ресiмделедi және осы мәселенi қарау құзыретiне енетiн органға тапсырылады.
      9. Анықталған су заңнамасын бұзушылықты уәкілеттi органдар олардың функциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексінде  белгiленген тәртiппен қарайды.
      10. Су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың әкімшілiк шара қолдану туралы шешуiне Қазақстан Республикасының Су кодексі  51-бабының  2-тармағына сәйкес шағым берiлуi мүмкiн.
      11. Су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар су заңнамасының бұзылуын нақты жоюды қадағалайды.