Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытудың 2008-2013 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 101 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 Қаулысымен

      Еркерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 28 қарашадағы "Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы»N 106 (әділет департаментінде 2003 жылғы 10 маусымда N 983 тіркелген, "Ақ жол" және "Знамя труда" газеттерінде 2003 жылғы 3 шілдеде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
 

             1 тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
      "Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ереже бекітілсін (қоса беріледі).";

      аталған қаулымен бекітілген "Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің құрамы" күші жойылды деп танылсын.

      2. Облыс Әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі кеңестің жаңа құрамын әзірлеп, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне ұсынсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары К.М. Демешке жүктелсін.

       Облыс әкімі                             С. Үмбетов