Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1247 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1324 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.26 № 141 Қаулысымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.26 № 141 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
N 1247 қаулысымен    
бекiтiлген       

Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы
материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем
төлеудiң ережесiн бекiту туралы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.26 № 141 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-2-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы алдындағы аса жоғары жетiстiктерi мен айрықша қызметi үшiн еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру (бұдан әрi - материалдық қамсыздандыру) түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.26 № 141 Қаулысымен.
      2. Спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының және (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған және кемiнде жиырма жыл еңбек стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру мынадай мөлшерде төленедi:
      1) Олимпиада ойындарының чемпиондары және (немесе) жүлдегерлерi және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңiп алғандарға және "КCPO-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi" және (немесе) "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" атағы барларға - 24,0 айлық есептiк көрсеткiш;
      2) "Қазақстанның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" және (немесе) "КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" атағы бар және осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген спортшыларды даярлағандарға - 24,0 айлық есептiк көрсеткiш.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.26 № 141 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)Қаулысымен.
      3. 2-тармақта көрсетiлген бiрнеше негiздер бойынша бiр мезгiлде материалдық қамсыздандыру алуға құқығы бар тұлғаларға материалдық қамсыздандыру алған атақтары мен наградаларының санына қарамастан, бiреуiне ғана белгiленедi.
      4. Материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бюджеттiк бағдарламалары арқылы республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен төленедi.

2. Материалдық қамсыздандыру төлеудi жүргiзу тәртiбi

      5. Материалдық қамсыздандыру алуға құқығы бар адамдар (бұдан әрi алушы) мынадай құжаттарды ұсынады:
      спортшылар:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      2) жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды расталған көшiрмесi немесе төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
      тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
      еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
      қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;
      жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
      аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме;
      жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
      қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      3) Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегерi және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы екендiгiн растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесi;
      4) спортшының атағын растайтын куәлiктiң немесе уәкiлеттi орган бұйрығының көшiрмесi;
      жаттықтырушылар:
      1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      2) жаттықтырушылық жұмысының жиырма жылдық өтілін растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды куәландырылған көшiрмесi немесе төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
      тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
      еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
      қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;
      жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
      аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме;
      жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
      қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
      3) Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегерi және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан анықтама;
      4) өзi жаттықтырған спортшының Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегерi және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы екендiгiн растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесi;
      5) жаттықтырушының атағын растайтын куәлiктiң немесе уәкiлеттi орган бұйрығының көшiрмесi.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 N 118 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеу туралы немесе бас тартылғаны туралы шешiм қабылдау, құжаттарды қарау мерзiмi өтініш қабылданған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күннен аспауы тиiс.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 N 118 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган қорытынды жасайды, соның негiзiнде материалдық қамсыздандыруды төлеу (төлеуден бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
      8. Төлем (төлеуден бас тарту) туралы қабылданған шешiм туралы уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге мұндай шешім қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша түрде хабарлайды.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.04 № 914 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Материалдық қамсыздандыруды төлеу Қазақстан Республикасының шегiнде екiншi деңгейдегi банктегi өтiнiш берушiнiң есеп шотына материалдық қамсыздандыруды аудару жолымен, банктiк өкiлдiк немесе филиал болмаған жағдайда материалдық қамсыздандыру төлеу ақшаны почтаға аудару жолымен жүргiзiледi.

3. Материалдық қамсыздандыруды төлеуден бас тарту

      10. Өтiнiш берушiге мынадай жағдайларда материалдық қамсыздандыруды тағайындаудан бас тартылады:
      1) осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылмаса;
      2) өтiнiш берушi осы ереженiң 2-тармағындағы шарттарға сәйкес келмесе.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.04 № 914 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4. Қорытынды ережелер

      11. Уәкiлеттi органның материалдық қамсыздандыруды төлеу немесе материалдық қамсыздандыруды төлеуден бас тарту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.

Еңбек сіңірген спортшылар мен
жаттықтырушыларға ай сайынғы 
материалдық қамсыздандыру  
түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң
ережесiне           
қосымша            

Нысан

Кiмге __________________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөніндегі  
________________________________________________
уәкiлеттi орган басшысының лауазымы,    
________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))    
кiмнен _________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегі, аты, әкесінің аты
________________________________________________
(бар болса))                 
________________________________________________
______________________ мекенжайы бойынша тұратын
өтініш берушінің ЖСН ___________________________

Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай
сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуге
ӨТІНІШ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 N 118 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сiзден маған __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (себебi көрсетiледi)
байланысты өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру төлемін
төлеуiңiздi сұраймын.
      Маған тиесілі соманы (банктiң аты, банктiң МФО-сы, өтініш
берушінің есеп шотының нөмірі немесе ақша пошта арқылы аударылған
жағдайда, оның мекенжайы көрсетiледi) аударуыңызды сұраймын.
      Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса беремiн:
      1. ____________________________________________________________
      2. ____________________________________________________________
      3. ____________________________________________________________
      4. ____________________________________________________________
      5. ____________________________________________________________

Өтiнiш берушiнiң қолы ______________