Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 9 маусымдағы N 788 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 31 қазандағы N 1086 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 289 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 289 Қаулысымен.

      "Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 9 маусымдағы N 788 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 266-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Ресей Федерациясы Ауыл               Дәндi дақылдар   1001-1008
шаруашылығы министрлiгiнiң
Ресей өңiрлерiндегi азық-түлiк   Ресей
рыногының жай-күйi туралы
ақпараттық бюллетенi                     Қант             1701".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі