Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 6 қазандағы N 1031 қаулысы. Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 243-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      2-тармақта:
      үшiншi абзацтағы "алтыншы" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне -  2003 жылдан бастап алтыншы абзацта көрсетiлген сыйлықтар;";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне А.И.Бараев атындағы сыйлықтарды төлеуге көзделген бюджет қаражаты 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берiлсiн.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі