"Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 981 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873 қаулысымен.

      Тасқын судан, сел тасқыны мен сырғымалардан туындаған төтенше жағдайдан зардап шеккен Алматы облысының елдi мекендерiнде қалыпты тiршiлiкті қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Тасқын судан, сел тасқыны мен сырғымалардан туындаған, Алматы облысында болған төтенше жағдай өңiрлiк ауқымдағы төтенше жағдайға жатқызылсын.

      2. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен Алматы облысының әкiмiне 2003 жылғы шiлде айында болған су тасқынынан бүлiнген көпiрлердi, автомобиль жолдарын және суағарларды қалпына келтiруге 200 000000 (екi жүз миллион) теңге бөлiнсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      4. Алматы облысының әкiмi 2003 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп ұсынсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі