Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 12 тамыздағы N 804 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 44, 443-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің Регламентінде:

      "Үкiметтiң мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi" деген 4-бөлімі 18-тармағының 2) тармақшасында: "(қарiптің түрi мемлекеттік тілдегi мәтiндер үшiн - "Тimes/Каzаkh", орыс тiліндегi мәтiндер үшiн - "Аriаl)" деген сөздер "мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде қаріптiң гарнитурасы "TimesNewRoman" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Мемлекеттiк органдардың Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерінің жобаларын дайындау және ресiмдеу тәртiбi" деген 5-бөлiмнің 35-тармағында "(қаріп үлгiсi мемлекеттiк тiлдегi мәтiндер үшiн - "Тimes/Каzаkh", орыс тiлiндегi мәтiндер үшiн - "Аriаl"; қаріп мөлшерi 14)" деген сөздер "мемлекеттiк және орыс тілдерінде - қаріп мөлшерi 14, қарiптің гарнитурасы "TimesNewRoman", кодтау стандарты ҚР СТ 1048-2002 стандартына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі