Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 9 маусымдағы N 788 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 тамыздағы N 797 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 289 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының "Қазақстан" спорт сарайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Шаруашылық басқармасының теңгеріміндегі "Астана-Бәйтерек" монументі республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген объектілерді қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі