1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 724-құжат):
1) Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "уәкiлеттi мемлекеттiк органды", "уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органды", "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
3) тармақша "құжат" деген сөздiң алдынан "стандарттау жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалау - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң мiндеттi талаптардың бұзылу фактілерiн анықтауға, олардың жолын кесуге, оларды жоюға бағытталған қызметi;";
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы "стандарттау саласындағы" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде өнiмдi каталогтау саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы "мiндеттi және (немесе) ұсынылатын талаптардан тұратын және" деген сөздер алып тасталсын;
10) тармақшадағы "мiндеттi және (немесе) ұсынылатын талаптардан тұратын және" деген сөздер алып тасталсын;
15) тармақшадағы "уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органы бекiткен", "және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiнiң қолы жетiмдi" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-1)және 23-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"18-1) салалық стандарт - салалық маңызы бар өнiмдерге, процестер (жұмыстар) мен қызмет көрсетулерге қойылатын талаптары бар стандарт;";
"23-1) өнiмдi каталогтау жүйесi өндiрiлетiн өнiмнiң сипаттамалары мен дайындаушылары туралы белгiленген тәртiппен ақпарат жинауды және берудi қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық-техникалық жүйе;";
25) тармақшадағы "стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiнде танылған орган бекiткен" деген сөздер алып тасталсын;
27) тармақша "нормативтiк құжат" деген сөздердiң алдынан "стандарттау жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 29-1) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
"29-1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган - стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";
"31) стандарттау жөнiндегi сарапшы-аудитор - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен стандарттау саласында жұмыстар жүргiзу құқығына аттестатталған жеке тұлға.";
3) 4-бапта:
тақырыбы "мақсаттары" деген сөзден кейiн "мен принциптерi" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша "көрсетулердiң" деген сөзден кейiн "қауiпсiздiгi мен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Стандарттаудың негiзгi принциптерi:
1) келiсу;
2) бүкпесiздiк;
3) ерiктiлiк;
4) отандық және шетелдiк өндiрушiлер мен өнiм берушiлер үшiн стандарттау саласындағы бiрдей талаптар;
5) экономикалық қисындылық болып табылады.";
4) 6-баптың 2-тармағында:
1) тармақша "саласында" деген сөзден кейiн "бiрыңғай" деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақша "ұйымдастырады" деген сөзден кейiн "және жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк тiлге және орыс тiлiне аударылуын және олардың расталуын қамтамасыз етедi;
11) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың стандарттар, халықаралық және аймақтық нормалар талаптарына сәйкестiгiне сараптаманы жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.";
5) 7-бап "мемлекеттiк орган стандарттау" деген сөздерден кейiн "метрология, сертификаттау, сапаны басқару және аккредитациялау" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 8-баптың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органнан, оның аумақтық бөлiмшелерiнен және ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарынан;";
"3) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттерден, сарапшы-аудиторлардан;";
7) 9-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) салалық стандарттар.";
5-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5)-9) тармақшаларында көрсетiлген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар, оларға өзгерiстер, сондай-ақ олардың күшiн жою туралы шешiмдер бекiтiлуге және тiркелуге жатады.";
екiншi бөлiк алып тасталсын;
8) 10-баптың 4-тармағындағы "уәкiлеттi" деген сөз алып тасталсын;
9) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
"10-1-бап. Салалық стандарттар
1. Салалық стандарттар салалық маңызы бар өнiмге, процестер (жұмыстар) мен қызмет көрсетулерге әзiрленедi және оларды мемлекеттiк басқару органдары өз құзыретi шегiнде бекiтедi.
2. Салалық стандарттардың объектiлерi мен осы стандарттарды әзiрлеу, келiсу, тiркеу жөнiндегi жалпы ережелердi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Салалық стандарттардың түрлерiне, олардың объектiлерiне, әзiрлену және келiсiлу ерекшелiктерiне, бекiту тәртiбiне қойылатын талаптарды өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк басқару органдары белгiлейдi.
4. Салалық стандарттармен белгiленген нормалар және талаптар мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттармен белгiленгеннен төмен болмауға тиiс.";
10) 13-баптың 2-тармағы "бекiтедi" деген сөзден кейiн "және тiркейдi" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 15-бапта:
1-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықаралық стандарттау жүйесi ережелерiне сәйкес, техникалық регламенттерге осы Заңға сәйкес құзыретiне мiндеттi талаптарды (құрылыс, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық нормалар мен ережелер, фармакопеялық баптар, өртке қарсы қауiпсiздiк және төтенше жағдайлар, тау-кен қадағалау, атом, экологиялық және радиациялық қауiпсiздiк, жолдардағы және көлiктiң барлық түрiндегi қауiпсiздiк нормалары мен ережелерi және басқалар) белгiлеу кiретiн мемлекеттiк басқару органдары қабылдайтын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi және нормативтiк құжаттарды, мiндеттi талаптар бөлiгiнде мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттарды жатқызу керек.";
2-тармақтың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтiк құжаттарды қолданысқа енгiзудi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";
12) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) өнiмдi каталогтау жөнiндегi ақпаратты қалыптастыруды, жүргiзу мен берудi ұйымдастырады.";
13) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
"17-1-бап. Өнiмдi каталогтау жүйесi
1. Өнiмдi каталогтау жүйесi мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады, мемлекеттiң, дайындаушылардың және тұтынушылардың мүдделерi үшiн жасалады.
2. Каталогтауға Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн өнiм жатады.";
14) 18-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде "жатқызылған" деген сөз "жатқызылмаған" деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 19-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және қалалардың стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын және өлшеу құралдарын қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және қалалардың стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын және өлшеу құралдарын қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi бөлiмдерiнiң басшылары;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын және өлшеу құралдарын қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi бөлiмдерiнiң басшылары, барлық дәрежедегi мамандары.";
16) 21-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн бақылау үшiн сынақ (талдау, өлшеу) өткiзуге өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеу iсiн жүргiзуге;";
7) тармақша "сәйкестiк сертификатынсыз" деген сөздерден кейiн "(сәйкестiк сертификатының көшiрмелерiнсiз) және (немесе) сәйкестiк таңбаларынсыз немесе сәйкестiгi туралы декларацияларсыз (сәйкестiгi туралы декларациялар көшiрмелерiнсiз)" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 23-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшiншi абзацы "сәйкестiк сертификатының" деген сөздерден кейiн "(сәйкестiк сертификатының көшiрмелерi) және (немесе) сәйкестiк таңбалары немесе сәйкестiгi туралы декларациялары (сәйкестiгi туралы декларациялар көшiрмелерi)" деген сөздермен толықтырылсын;
18) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"25-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау туралы
заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының стандарттау туралы заңдарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
19) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"28-бап. Мемлекеттiк стандарттау және мемлекеттiк қадағалау
жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру
1. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен:
1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыруға арналған шығыстар;
2) стандарттау, метрология және тiркеу саласындағы бағдарламалар;
3) өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн сатып алу және олардың стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн сынау (талдау, өлшеу);
4) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi халықаралық, аймақтық және мемлекетаралық ұйымдарға мүшелiк жарналар енгiзуi мен қатысуы қаржыландырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген стандарттау жөнiндегi жұмыстар шарт негiзiнде орындалады.".
2. "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 725-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 15-16, 231 құжат; N 23, 321-құжат):
1) Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
1), 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тiркеу - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органның сертификаттау және тiркеу саласындағы жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқықтылығын ресми тануы;";
"12) сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжат (бұдан әрi - нормативтiк құжат) - сертификаттау жөнiндегi қызметтiң алуан түрлерiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн, стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiткен құжат;
13) өнiмдi, процестердi, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сертификаттау жөнiндегi орган - белгiлi бiр қызмет саласында сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге тiркелген заңды тұлға;";
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) тiркеу саласында консалтингтiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдар - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тiркелген, өнiмдi, процестердi, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сертификаттау жөнiндегi органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тiркеуге дайындау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзетiн заңды тұлғалар;";
16) тармақшада "мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң ережелерi бойынша" деген сөздер "нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
"17-1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган - стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";
3) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Өнiмдi, процестердi, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сертификаттау жөнiндегi тiркелген органдар мен сынақ лабораториялары (орталықтар) тiркеу саласында консалтингтiк қызметтер көрсетуге құқылы емес.";
4) 5-баптың 1-тармағында:
екiншi абзацта "мемлекеттiк" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесiншi және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Tipкeу саласында консалтингтiк қызмет көрсету жөнiндегi тiркелген ұйымдар;
сертификаттау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар.";
5) 6-бапта:
тақырыбындағы "мемлекеттiк" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "мемлекеттiк" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi абзац "саласында" деген сөзден кейiн "бiрыңғай" деген сөзбен толықтырылсын;
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнде ұйымдарды сертификаттау, сертификаттау сынақтары, тiркеу саласында консалтингтiк қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу құқығына тiркеу;";
жетiншi абзац "ұйымдастыру" деген сөзден кейiн "және жүзеге асыру" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"зертханааралық салыстырма сынақтар (салыстырулар) жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру.";
2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "мемлекеттiк" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 7-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "мемлекеттiк" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 8-баптың 2-тармағындағы "мемлекеттiк" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 14-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының
сақталуын және сертификатталған өнiмнiң сапасын
мемлекеттiк қадағалау";
1-тармақта "Сертификаттау ережелерiнiң сақталуына," деген сөздер "Нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуына және" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
9) 16-бапта:
бiрiншi абзац "қызмет көрсетулердiң" деген сөздерден кейін "қауiпсiздiгіне және" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi және үшiншi абзацтардағы "сапасын" және "сапасына" деген сөздер тиiсiнше "қауiпсiздiгiн және сапасын", "қауiпсiздiгiне және сапасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өнiмнiң нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн бақылау үшiн оның сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеу iсiн жүргiзуге;";
10) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру
1. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен:
1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органды және оның мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығыстар;
2) сертификаттау жөнiндегi органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тiркеу жөнiндегi жұмыстарды, сондай-ақ зертханааралық салыстырма сынақтар (салыстырулар) жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығыстар;
3) сапа және сертификаттау саласындағы бағдарламалар;
4) Қазақстан Республикасының тiркеу және сапаны басқару жөнiндегi халықаралық ұйымдарға мүшелiк жарналар енгiзуi мен қатысуы қаржыландырылады.
2. Осы Заңмен көзделген және осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген мемлекеттiк сертификаттау жүйесiндегi жұмыстар шарт негiзiнде орындалады.";
11) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы
заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.".
2-бап. Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағының 19) тармақшасын және 2-тармағының 10) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi