Борышкерден алынған және банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сақтауға берілген бағалы қағаздарды, валюта құндылықтарын, бағалы металдардан, асыл тастар мен iнжуден жасалған зергерлiк және басқа да бұйымдарды, со

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы N 526 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 180 қаулысымен

      Құрманғазы ауданының өкілетті және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 2572-ХІІ "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабы 3 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат және облыс әкімі шешім етті:
      1. Атырау облысы Құрманғазы ауданының Ақкөл поселкесі ауыл санатына жатқызылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімінің 09.10.2014 № 19 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 326-V бірлескен шешімдерімен (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Гурьев облыстық еңбекшілер депутаты кеңесі атқару комитетінің 1974 жылғы 12 қарашадағы N 444 Теңіз ауданы Ақкөл селолық кеңесінің орталығы - Ақкөл селосын қалалық поселке санатына жатқызу туралы шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Құрманғазы ауданының әкімі және аудандық мәслихат осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
 
 

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаты ХХІV
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихатының хатшысы