Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiн мiндетті түрде қамтамасыз ете отырып, өткiзiлетін тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы N 524 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң  74-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiн мiндеттi түрде қамтамасыз ете отырып, өткiзiлетiн тауарлардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкіметінің          
2003 жылғы 4 маусымдағы   
N 524 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiн мiндеттi түрде қамтамасыз ете отырып, өткiзiлетiн тауарлардың тiзбесi 

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 353 қаулысымен. _________________________________________________________________
Р/с N          Тауардың атауы               ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды
_________________________________________________________________
1    Уытты сыра                                 220300
_________________________________________________________________
2    Күшейтiлгендерiн қоса алғанда, табиғи       2204
      жүзiм шарабы; 2009 тауарлық позицияда
      көрсетiлгеннен басқа жүзiм ашытқысы

3    Вермуттар және өсiмдiктен жасалған          2205
      немесе хош иiстi заттар қосылған
      өзге де табиғи жүзiм шараптары

4    Өзге де ашытылған сусындар (мысалы,        220600  
      сидр, перри немесе алмұрт сидрi, бал
      сусыны); басқа жерде аталмаған немесе
      енгізiлмеген ашытылған сусындардан
      жасалған қоспалар және ашытылған сусындар
      мен алкогольсiз сусындардың қоспалары

5    80 oб % немесе одан да көп спирт концентра-  2207
      циясы бар денатуратталмаған этил спиртi, 
      этиль спиртi және өзге де денатуратталған, 
      кез келген концентрациядағы спирттeр

6    80 об % кем спирт концентрациясы бар дена-   2208
      туратталмаған этил спиртi, спирт тұнбалар,
      ликерлар және өзге де спирт сусындары

7    Сигарлар, ұштары кесiлген сигарлар, сигарил- 2402
      лалар және 2402 90 000 0 қоспағанда, темекі-
      ден немесе оны ауыстырғыштардан жасалған
      сигареттер

8    Құрамында кез келген пропорциядағы темекi    240310
      ауыстырғыштары бар немесе жоқ, шегетiн
      темекi
_________________________________________________________________