Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1623 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 523 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын , "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 12-жолдың 2-бағанындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі