Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 344 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 747 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес және заңнамалық кесімдерде көзделмеген мемлекеттің кірістерін пайдаланудың бағыттарын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы, "Теңізшевройл", жауапкершілігі шектеулі әріптестігі, "Теңізмұнайгаз" өндірістік бірлестігі, "Трансошен Шеврон Компани", "Шеврон Оверсиз Компани" арасында жасалған 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы жоба бойынша келісімнің 2 (В) бабында көзделген төлем мемлекеттің кірісі болып саналсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген төлем Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсім және кіріс ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынады деп анықталсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының орындалуы жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі