Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 9 маусымдағы N 788 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 наурыздағы N 236 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 289 Қаулысымен

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Жол саласының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 442, 490-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1)  (күші жойылды - 2004.12.29. N 1414 қаулысымен)
      2) мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорны республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, ұстау және көгалдандыру жөніндегі сатып алынуы стратегиялық ерекше маңызды жұмыстардың жеткізушісі болып белгіленсін".
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29.  N 1414  қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі