Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 және 2001 жылғы 4 мамырдағы N 605 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 17 қаңтар N 48. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 15 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны" оны "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының Әкiмшiлiк ғимараттар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) етiп қайта құру жолымен;
      2) "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны" оны "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының Қызметтiк тұрғын үйлердi пайдалану жөнiндегi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Дирекция) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қызметiнiң негiзгi мәнi:
      1) Кәсiпорынның - Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының қызметтiк ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау;
      2) Дирекцияның - Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының қызметтiк тұрғын үйлерiн пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы (келiсiм бойынша):
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне жаңадан құрылған ұйымдардың жарғыларын бекiтуге ұсынсын және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі