"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 27 наурыз N 313-ІІ

      "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Z970204_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат; N 21-22, 285-құжат; N 24, 338-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Кіріспедегі ", сондай-ақ өзінің тарихи отанына қайтып оралатын адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасауды" деген сөздер ", сондай-ақ оралмандар үшін жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасауды" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) босқындар - саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар;
      2) ішкі көші-қон - жеке адамдардың Қазақстан Республикасының ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық ауыстыруы;
      3) көшіп келушілер - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
      4) көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
      5) көшіп келу квотасы - жыл сайын Қазақстан Республикасы аумағына қоныс аударуға рұқсат берілетін көшіп келушілерді сан жағынан шектеу;
      6) оралмандардың көшіп келу квотасы - жыл сайын Қазақстан Республикасы аумағына қоныс аударуға рұқсат берілетін оралмандардың отбасы саны, оларға осы Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар қолданылады;
      7) ұжымдық көшіп келу - Қазақстан Республикасына ұйымдасып қоныс аудару;
      8) көшіп-қонушылар - Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ себептеріне және уақытының ұзақтығына қарамастан Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударған адамдар;
      9) көші-қон - жеке адамдардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе амалсыздан ауыстыруы;
      10) заңсыз көшіп келушілер - келу, кету, болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін заңдарды бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
      11) оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
      12) репатриация - Қазақстан Республикасы азаматтарының өз отанына ерікті немесе амалсыздан қайтып оралуы;
      13) отбасымен көшіп келу - Қазақстан Республикасында тұрып жатқан өзінің отбасы мүшелерімен бірігу үшін отбасы мүшесінің және мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі;
      14) еңбек көші-қоны - жеке адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде қоныс орнын уақытша ауыстыруы;
      15) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - халықтың көші-қоны саласында көші-қон саясатын жүзеге асырушы және жұмысты үйлестіруші орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);
      16) уақытша орналастыру орталығы - өздерін оралмандар деп тану туралы

өтініш берген адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан 
Республикасының аумағында уақытша болуына арналған орын; 
     17) көшіп кетушілер - Қазақстан Республикасының басқа мемлекетке 
тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп кеткен азаматтары; 
     18) көшіп кету - Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа 
мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін кетуі.". 
     3. 3-бапта: 
     бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
     "ұлты қазақ адамдарды Қазақстан Республикасына қоныстандыруға 
жан-жақты жәрдемдесу, олардың қоныс тебуін ұйымдастыру, жұмыс орындарын 
ашу, оралмандарды әлеуметтік қамсыздандыру және оларға әлеуметтік көмек 
көрсету;"; 
     тоғызыншы абзац алып тасталсын; 
     оныншы абзацтағы "жасырын" деген сөз "заңсыз" деген сөзбен 
ауыстырылсын. 
     4. 4-бапта: 
     1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
     "4-бап. Көші-қон субъектілері және оларды тіркеу"; 
     2) бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: 


      "Басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына қоныс аударған көшіп келушілерге, осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, оралмандар, босқындар мәртебесі беріледі.";
      3) екінші бөлікте:
      "алты айдан астам мерзімге тұрақты тұруға" деген сөздер алып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының шет елдердегі елшіліктері мен өкілдіктерінің қызметкерлері" деген сөздер "Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілдіктерінің қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) үшінші бөлік алып тасталсын;
      5) мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағындағы әрбір көші-қон субъекті өзінің тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша бес күнтізбелік күн ішінде тіркелуге міндетті. Көші-қон субъектілерін тіркеу адамның жеке басын куәландыратын құжат бойынша жүзеге асырылады. Адамның жеке басын куәландыратын құжаттар тізбесін және тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.".
      5. 5-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдегі Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады".
      6. 3-тараудың тақырыбындағы ", реэмиграция" деген сөз алып тасталсын.
      7. 9-бапта:
      1) баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "көшіп келу" деген сөздердің алдынан "Оралмандардың" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) бірінші бөліктегі "әрбір күнтізбелік жылға" деген сөздер "осы Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтінімдер берілетін адамдар үшін алдағы жылға және (немесе) болашаққа арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) екінші бөліктегі "олардың шекті саны мен түрлері" деген сөздер "отбасылардың шекті саны" деген сөздермен, "репатрианттар (оралмандар) мен реэмигранттар" деген сөздер "оралмандар" деген сөзбен ауыстырылсын.
      8. 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
      Тұруға ықтиярхат алған көшіп келушілер Қазақстан Республикасында

барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ егер Қазақстан 
Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан 
Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттерді мойнына алады.". 
     9. 11-бапта: 
     бірінші бөлікте: 
     "азаматтығы жоқ адамдарға," деген сөздер "азаматтығы жоқ адамдар," 
деген сөздермен ауыстырылсын, ал 8) тармақшадағы "көшіп келушілер 
мәртебесі берілмейді" деген сөздер "көшіп келушілер болып табылмайды" 
деген сөздермен ауыстырылсын; 
     4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
     "4) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асырса;
     7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
     "7) Қазақстан Республикасына турист ретінде, қайырымдылық әрі ізгілік 
көмек көрсету және іскерлік кездесулерді жүзеге асыру мақсатында келсе;". 
     10. 12-бап алып тасталсын. 
     11. 13-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
     "13-бап. Көші-қон іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету 


      Көші-қон іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат, сондай-ақ ұйымдардың, соның ішінде шетелдік ұйымдардың ерікті аударымдары, жеке адамдардың қайырмалдығы есебінен жүзеге асырылады.".
      12. 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-бап. Өтініштерді беру, оларды қарау және адамдарды оралмандар
               деп тану тәртібі

      Адамдардың оралмандар деп тану туралы өтінішін отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі тікелей өзі немесе уәкілетті өкілі арқылы Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе уәкілетті органға береді.
      Оралман мәртебесін беру және отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарау, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешімді ол тіркелген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органның аумақтық қызметтері қабылдайды.
      Оралмандар деп танылған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Оралманның куәлігі қатаң есепте болатын құжат болып табылады және осы Заңда көзделген жеңілдіктер мен өтінімдерді алу үшін негіз болады.
      Аумақтық қызметтердің шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады.".
      13. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "15-бап. Өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген
               адамдардың құқықтары мен міндеттері
      Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе уәкілетті органға өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген және Қазақстан Республикасының аумағына келген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін қолданылып жүрген құқықтарды пайдаланады және міндеттерді мойнына алады.
      Өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген адамдардың уақытша орналастыру орталықтарында тұру жағдайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне немесе консулдық мекемелеріне өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген және Қазақстан Республикасының аумағына келген адамдар:
      уақытша орналастыру орталығына жолдама алғаннан кейін үш күн ішінде сол жерге жүріп кетуге;
      тұрып жатқан жері туралы тиісті аумақтық көші-қон қызметтерін хабардар етуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркеуден өтуге;
      уақытша орналастыру орталығында тұрудың белгіленген тәртібін сақтауға;
      денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық

тексеруден өтуге, ектіруге, емделуге, сондай-ақ денсаулық сақтау 
органдарының нұсқамаларын орындауға; 
     өтінішті қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті көші-қон қызметіне 
хабарлауға міндетті. 
     Оралман мәртебесі ол Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан 
кейін тоқтатылады.". 
     14. 16 және 17-баптар алып тасталсын. 
     15. 18-бапта: 
     тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
     "18-бап. Лауазымды адамдардың заңсыз көшіп келушілерді жұмысқа 
              қабылдағаны үшін жауапкершілігі"; 
     баптың мәтініндегі "жасырын" деген сөз "заңсыз" деген сөзбен 
ауыстырылсын. 
     16. 23-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 


      "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ішкі істер органдарынан рұқсат алған шетелдіктерге шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға - азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі.".
      17. 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "24-бап. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан
               Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту
               негіздері
      Шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден:
      1) көрінеу заңсыз көшіп келушілерге, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін өздері шыққан елдердің заңдары бойынша қудалауға ұшыраған көшіп келушілерге;
      2) қылмыс жасағанға дейін тұрақты тұратын жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс болып, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарға;
      3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға;
      4) оралмандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілеттілігін растауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен табыс етпеген адамдарға;
      5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары мен басқа да уәкілетті органдардың қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында эпидемияның таралуына себепші болуы мүмкін сырқаты бар адамдарға;
      6) Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы заңдарды бұзған адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органның, ішкі істер органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дәлелді шешімдері негізінде бас тартылуы мүмкін.
      Ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлігін беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.".
      18. 26-бап алып тасталсын.
      19. 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-бап. Оралмандардың туыстары болып табылатын адамдар
      Оралмандардың туыстары болып теңдей негіздерде мыналар танылады: оралманның балалары (соның ішінде асырап алған балалары), зайыбы (жұбайы);
      оралманның аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ

шыққан тегі бойынша қандас туыстары және олардың отбасы мүшелері; 
     оралманның немерелері мен шөберелері; 
     оралманның кәмелетке толған балалары, немерелері мен шөберелері 
құрған отбасыларының мүшелері.". 
     20. 28-бап алып тасталсын. 
     21. 29-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
     "29-бап. Оралмандарға берілетін жеңілдіктер, өтемақылар мен басқа 
              да атаулы көмек түрлері 
     1. Мемлекет оралмандарға Қазақстан Республикасына көшіп келіп 
қоныстану үшін жеңілдікті жағдайлар жасайды және: 
     жұмысқа орналасуға, біліктілігін арттыруға және жаңа кәсіпті 
меңгеруге жәрдемдесуді; 
     мемлекеттік тілді және орыс тілін оқып-үйрену үшін жағдай жасауды; 
     Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қарулы 
Күштер қатарында қызмет етуден босатуды; 


      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымына түсу үшін квота бөлуді;
      мұқтаждарға мектептерден, мектепке дейінгі ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтік қорғау мекемелерінен орын беруді;
      Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді;
      азаматтығы қалпына келтірілген, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Z932200_ Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өтемақыларға құқықтарын іске асыруды;
      Қазақстан Республикасына келуге виза бергені үшін консулдық алымдардан босатуды;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес медициналық көмектің тегін кепілді көлемін алуды;
      Қазақстан Республикасының азаматтары үшін көзделген мемлекеттік атаулы көмек беруді қамтамасыз етеді.
      2. Көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға осы баптың 1-тармағында аталған жеңілдіктер мен өтемақылардан басқа, мемлекет:
      шекара арқылы кеден төлемдері мен салықтар алмай өткізуді;
      тұрақты тұратын жеріне дейін тегін баруды және мүлкін апаруды (оның ішінде малын апаруды);
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлуді және біржолғы жәрдемақы төлеуді қамтамасыз етеді.
      3. Оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін, нақты гранттар, олар экономиканың әр түрлі салаларында өндірістерді инвестициялаған және құрған кезде преференциялар бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      4. Осы бапта көзделген жеңілдіктерді толық көлемде пайдаланбаған оралмандар оларға құқығын Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін де сақтайды.
      5. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары көшіп келу квотасынан тыс Қазақстан Республикасына қоныс аударған оралмандарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар белгілей алады.".
      22. Заңның мемлекеттік тілдегі мәтінінде 5-тараудың тақырыбындағы "Эмиграция (көшіп кету)" деген сөздер "Көшіп кету" деген сөздермен ауыстырылсын.
      23. Заңның мемлекеттік тілдегі мәтінінде 30, 31-баптардағы "Эмигранттардың" деген сөз "Көшіп кетушілердің" деген сөздермен ауыстырылсын.
      24. 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "34-бап. Уәкілетті органның құқықтары мен міндеттері
      1. Уәкілетті органның:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша басқа мемлекеттердің үкімет органдарымен, ведомстволарымен, кәсіпорындарымен, мекемелерімен, ұйымдарымен Қазақстан Республикасының аумағынан бір кездері амалсыздан немесе ерікті түрде кеткен отандастардың Қазақстан Республикасына ерікті түрде қоныстануы мәселелері бойынша келісімдер жасасуға;
      2) Қазақстан Республикасындағы көші-қон мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіруге;
      3) уәкілетті органның аумақтық қызметтерінің оралман мәртебесін беруден және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуден бас тартуы туралы шағымдары бойынша шешім қабылдауға құқығы бар.
      2. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
      1) елдегі көші-қон процесін талдап, оған болжам жасауға және бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдарға хабарлауға;
      2) халықтың көші-қонын реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар әзірлеуге;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына оралмандардың көшіп келу квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      4) оралмандардың көшіп келу квотасының бекітілген шегінде олардың

қоныс аударуын, оларды қабылдау мен жайластыруды ұйымдастыруға; 
     5) көші-қон проблемалары бойынша бағдарламалық іс-шаралар мен 
нормативтік актілерді әзірлеп, жүзеге асыруға; 
     6) келген оралмандарды тіркеуді, есепке алуды, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оларға сараланған 
жәрдемақылар төлеу мен жеңілдіктерді беруді жүзеге асыруға міндетті.". 
     25. 35-бап алып тасталсын. 
     26. 36-бапта "Осы Заңның 16-17-баптарында аталған" деген сөздер 
"Оралмандар деп танылған" деген сөздермен ауыстырылсын. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.