Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 маусым N 665

      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген реттік нөмірі 6-жолдағы "251" деген сан "252" деген санмен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген реттік нөмірі 7-жолдағы "258" деген сан "268" деген санмен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген реттік нөмірі 9-жолдағы "140" деген сан "150" деген санмен ауыстырылсын;
     "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі" деген реттік нөмірі 14-жолдағы "185" деген сан "186" деген санмен ауыстырылсын;
     "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі" деген реттік нөмірі 16-жолдағы "31" деген сан "35" деген санмен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы 2002 жылғы 15 шілдеден бастап күшіне енетін 1-тармақтың жетінші абзацын қоспағанда, 2002 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі