Жоғары, арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының студенттерi мен оқушыларын киiндiру және тамақтандыруға арналған шығындардың заттай мөлшерi туралы Ескерту. Бұл қаулының күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.03.31. N 376 қаулысына бойынша.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 28 тамыз 1992 ж. N 720. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 665 қаулысымен

      Оқушы жастарды әлеуметтiк қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Жетiм балалардың және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың (интернат мекемелерiнiң бұрынғы тәрбиеленушiлерi) арасынан шыққан жоғары, арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының студенттерi мен оқушылары толық мемлекеттiк қамсыздандыруға N 5, 6, 7 қосымшаларда бекiтiлген мөлшерлерде алынатын болып белгiленсiн.
      2. Индустриалдық-педагогикалық техникумдарының оқушыларына киiм, аяқ киiм, iш киiм мен төсек бұйымдарын беру мөлшерi кию мерзiмдерi, тамақтанудың заттай мөлшерi N 1-4 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
      Ескерту. 2-тармағына өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
               30.05.1994 ж. N 573 қаулысымен.
      3. Қазақ қыздар педагогика институтының студенттерiне N 1 қосымшада бекiтiлген тамақтанудың заттай мөлшерi қолданылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгi, "Қазжеңiлөнеркәсiп" концернi оқушыларға, студенттерге киiмдi, аяқ киiмдi, iш киiм мен төсек бұйымдарын әзiрлеп, жеткiзудi бекiтiлген нормативтерге сәйкес қамтамасыз етсiн.
      5. Киiммен, аяқ киiммен, iш киiммен және тамақпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, сондай-ақ студенттерге, оқушыларға аталған материалдық қамтамасыз ету орнына қолданып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен ақшадай төлем төлеген ретте Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне, облыстық бiлiм (кәсiптiк-техникалық) басқармаларына өз қарамағындағы мекемелерге ақшадай төлемнiң белгiленген нормативтерге сәйкес мөлшерiн анықтау хұқығы берiлсiн.
      6. Аталған нормативтер 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап

 

қолданылады деп белгiленсiн.

     7. 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап:

     Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1988 жылғы 10 шiлдедегi

N 187 өкiмiнiң;

     Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ

КСР Министрлер Кеңесiнiң 1987 жылғы 29 қыркүйектегi N 440

(Қазақ КСР ҚЖ, 1987 ж., N 24, 98-ст.) қаулысындағы тамаққа,

киiмге, аяқ киiмге, жұмсақ және қатты мүкәммалға шығынның ақшадай

мөлшерi жөнiндегi бөлiгiнiң күшi жойылған деп танылсын.

            Қазақстан Республикасының

                 Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1992 жылғы 28 тамыздағы

                                          N 720 қаулысына

                                  1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 Қосымшалар



                 Ескерту. N 1-4 қосымшалардың атауынан сөздер

                          алынып тасталған - ҚРМК-нiң 30.05.1994 ж.

                          N 573 қаулысымен.