Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 1649 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 наурыз N 334

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 1649 P011649_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

 

     1-тармақтағы "2001 жылғы 15 желтоқсаннан 2002 жылғы 15 наурызға

шейінгі кезеңде" деген сөздер алынып тасталсын.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.